"Оралман куәлігіне" қатысты мәселе қашан шешіледі?
2017 ж. 27 желтоқсан
5414
2
«Қазақстан Республикасының халықтың жұмыспен
қамтылуы және көші-қон заңына өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы» құрылған жұмыс тобының жетекшісі
Кәрібай Мұсырман мырзаға және жұмыс тобы мүшелеріне
Қазақстан Республикасының азаматтары:
Оразұлы Қыдырәлі, Байтолла Қайрат, Бейсен Ахмет
Шаймуран Даулетжан, Қали Шаяхмет, Масғұт Серік
Тұрысбай Ардақ, Бекмырза Ерлан, Пәзілхан Темірбек,
Қожамсейт Аралбай, Нұрболат Серікәлі,
Асхатбек Нұрболат, Сарқыт Саулетбай,
Тел: 8707-266-88-99, almed-pharm@mail.ru
Алматы қаласы, 7 ықшам ауданы 6 үй 34 пәтер
АШЫҚ ХАТ
Құрметті, жұмыс тобының мүшелері!
Ел басымыз, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, Қазақстан тәуелсіздігін жариялағанда, Қазақстан халқының да, шеттегі қандастардыңда қуанышында шек болмады, сол кезден бастап Ел басымыз шеттегі Қазақтарға үндеу тастап, елге шақырды, арнаулы заң қабылдап, оларға көші-қон қаражатын тағайындап, түрлі тиімділіктер жасады, арнаулы қандастарды қабылдайтын облыстар белгіледі. Соның арқасында атажұртқа ат басын бұрып, әр шетелден қазірге дейін бір миллионға жуық қандастар атажұртына оралды, соның ішінде Қытайдан тарихи отаны Қазақстанға біржолата көшіп келген азаматтардың саны да бүгінде 200 мыңға жетіпті.
Біз, Елбасының «шетелдердегі Қандастарды елге шақыру, оларды тиісті өңіңірлерге орналастыру және оңтүстіктегі аймақтардағы жұмыс күшін, солтүстіктегі халық саны сирек қоныстанған аймақтарға орналастыру» жобасына қолдау көрсету үшін, көші-қонды ұйымдастыруды тек қана үкіметтік мекемелерге ғана артып қоймай, бізде елге қызмет ету мақсатымен, Солтүстіктегі облыс әкімдері мен көші-қон мекемелері арқылы Қытайдан және оңтүстіктегі хлықтарды солтүстік облыстарға көшіруді ұйымдастырған болатынбыз. Нәтижесінде осы жылдың мамыр айынан қыркүйек айына дейін Қытай Халық Республикасынан Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарына жалпы саны 63 отбасын, ал Алматы облысынан 17 отбасын көшіріп әкелдік, олар қазір сол облыстарда тұрақты тұрып жатыр.
Бірақ Өзібекстан, Маңғолия, Түркменстан, Қырғыстаннан келетін қандастарға қарағанда Қытайдан келетін қандастардың келуіне біраз кедергілер бар, яғный олар Қазақстанға арнаулы виза арқылы келетін болғандықтан, шетелге шығатын төлқұжат (паспорт) жасату үшін де, сол шетелден шақырту керек болады, Қазақстанда туысы немесе танысы арқылы шақырту алып, төлқұжатын жасатып, одан Қазақстанның Қытайдағы елшілігінен виза алып елге жетеді-ау әйтеуір. Ал Қазақстанға келген соңда түрлі құжаттық жұмыстардың қыйыншылығы алғашқы жылдарға қарағанда жыл сайын қыйындасып барады. Мысалы бұрын азаматтық алу үшін: тек төлқұжат пен жеке куәілкті аудартып, өмірбаян жазып, азаматтық алғанға дейін жарайтын «Қазақ куәлік» немесе «Оралман куәлігі» мен тіркеу анықтамасын апарса болды азаматтыққа қабылдай беретін, ал осы бірнеше жыл бұрын, азаматтық алуды 5 жылға тоқтатып қойды, одан соң азаматтық алу үшін алдымен «ықтярхат» алу керек болды, «ықтярхат» алу үшін Қытай елшілігінен «Қытайда сотталмағаны туралы» және «Қазақстанда тұрақты тұруға келісім» анықтамаларын әкелу керек болды, сонымен бірге бір жылға ғана жарайтын «оралман куәлік» керек, ал азаматтық немесе ықтярхат алу үшінде «Қытайға телміртіп» қойған осы заңдар, жақында «Дүние жүзі қазақтары құрылтайында» ел басымыз айтқан «шеттегі ағайынның елге келгендегі құжаттық мәселерін барынша жеңілдету» деген сөзіне сай келмейді.
Қытайдан келген қандастар, келе салып ең алдымен «Оралман куәлік» алады себебі, олар балаларын мектепке кіргізуге, емханаға тіркелуге де заң бойынша осы куәлік керек. Соның ішінде 2016 жылы Қазақстанға келіп, ең алдымен «Оралман куәлік» алып, ары қарай азаматтық алу үшін, тұрақты тіркелетін үй таба алмай, үй табылса, бір кездегі ықтярхат және азаматтық алуға керекті қыйсынсыз құжаттарды: яғный «Қытайда сотталмағаны туралы анықтама», «Қытай елшілігінен Қазақстанда тұрақты тұруға келісім» т.б. сяқты ешқашан берілмейтін, берілседе тоқсан тесіктен өтіп, таныс-тамыр арқылы зорға алатын «анықтамаларды» жинап болғанша, 2016 жылғы алған тек бір жылға берілетін, «Оралман куәлігтерінің» уақыты да өтіп кетеді, енді олар азаматтыққа тапсырайын десе, көші-қон полициясы «оралман куәліктеріңнің уақыты өтіп кеткен, енді сендер 5 жылдан кейін ғана азаматтыққа тапсыра аласыңдар» - деп азаматтыққа қабылдамай отыр. Дәл қазір біздің қолымызда 200 ге тарта «оралман куәлігі» өтіп кеткен азаматтардың нақты ақпараты бар, бұл сан күн сайын өсуде. Қытайдың сан-қыйлы қыспағынан әрең құтылып келген қандастарымыз, осындай кедергілердің себебінен Қытайға қайта баруға мәжбұр болуда. Егер олар Қытайға барса дәл қазір Қытайда Қазақтарға жасалып жатқан қудалауға ұшырап, Қазақстанға барғаны үшін паспорттары тартып алынып, өздерін «саяси үйрену орталығы» деп аталатын жабық түрмеге қамалып, тіпті кейбіреуі түрлі мерзімдерге сотталуы мүмкін.
Біз осы көшіру жұмыстары барысында, шеттен келген қандастардың Қазақстан азаматтығын алу кезіндегі туылып жатқан қыйыншылықтарды ескере отырып сізден алдағы «көші-қон заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жұмыс тобының» отырысында төменде бірнеше ұсыныстарды көші-қон заңына енгізулеріңізді сұраймыз.
1. Шетелден немесе Қытайдан көшіп келетін этникалық Қазақтарға, сол елдегі Қазақстан елшілігі кезексіз виза беруілуін; себебі басқада түрлі саяқаттау, туысқаншылау, сауда мақсатында келетін адамдардың көптігі себебінен көшіп келетін Қазақтар уақытында виза ала-алмай, көшіп келе алмауда, осының себебінен Солтүстік облыстарға көшіп келетіндерге бөлінетін жыл сайынғы қаражат игерілмей қалуы мүмкін;
2. Шеттен көшіп келетін Қазақтар Қазақстан Республикасының шекарасынан өткенде, олардың жүктеріне кеден салығы алынбай, олардың шегарадан еш кедергісіз өтуіне жағадай жасалуын; себебі осыған дейін көшіп келушілердің жүктеріне Қазақстан шекара қызметкерлері «салық төлейсіңдер» деп өткізбей қойғаны туралы ақпарат көп, мысалы «ШҚО Бақты шегар бекеті».
3. 2016 жылы алған оралман куәліктің уақытын 1 жылға ұзартуды, осы куәлікті енді алатын қандастарымызға жарамдылық мерзімін 2 жылдық етіп беруін;
4. Көшіп келген қандастарға ҚР азаматтығын бергенде алдымен ықтярхат бермей, тікелей азаматтыққа өткізілуін; себебі Қандастар ықтярхатқа құжат жинап көп уақытын жоғалтуда және бұл құжаттың еш бір маңызы жоқ.
5. Шеттен келетін қандастарға белгіленген солтүстіктегі 7 облыстың әр қайсысында «Қандастарға кеңес беру орталығын» ашып, сол орталықта қандастардың азаматтық алуға керекті құжаттарын тегін аударып, жинап берілуін, оларды сол орталыққа тегін тұрақты тіркеуге алу, оларға заңдық кеңес берілуін, оқуға түсетіндерге дайындық курсқа түсу туралы кеңес берілуін;
6. Осыған дейін Қазақстанға келіп, түрлі себептерге байланысты Қытай төлқұжаты мен жекекуәлігінің уақытын өтікізіп алған азаматтарға, құжаттарын қайта жасату үшін Қытайға баруға мәжбүрлемей, Қазақстан азаматтығына қабылдауды сұраймыз, себебі Қытайдағы жағдайға байланысты олардың құжаттарын Қытай үкіметі ешқашан ауыстырып бермейді.( Қытайға баруға мәжбүр болып отырған азаматтар бар).
Оразұлы Қыдырәлі,
Қазақ үні