Парламент депутаттары тағы да ашуға «мінді»

               img_0221  

               Қазақстан парламентінің депутаттары ұлттық компаниялар мен мемлекеттік қорлардың менеджерлерінің жалақысының әлі күнге дейін төмендемегеніне наразылық білдірді. Үкімет осыдан бір жыл бұрын парламентке олардың жалақысы қысқартылады деп уәде берген болатын. Бірақ, депутаттар алданғандығын енді біліп отыр, менеджерлер жалақысы еліміздегі ең жоғары деңгейде қалып отыр. Халық қалаулыларының сөзіне сүйенсек, мемлекеттік қорларда тіпті кеңседегі хатшы қыздың өзі салық төлеушілердің есебінен құрыш қайнатушылардан кем түспейтін жалақы алатын болып шықты. Ауылдық орта мектеп директорының хатшысы мен «Самұрық - Қазынаның» бөлім бастығының хатшысының алатын айлығының арасында да жер мен көктей айырмашылық бар екендігін атап көрсетті депутаттар. Сонымен қатар, шенеуніктердің балалары да жоғары жалақы алатындығы да тілге тиек болды.

Не десек те, дағдарыс біреуге дағдарыс, біреуге ...

 

Дайындаған

  Гүлмира САДЫҚОВА