Ригада Аслан Мусиннің ұлы Асылбек Мусин қайтыс болды
2017 ж. 27 желтоқсан
3531
7
Латвия астанасы Ригада Қазақстан Президенті Әкімшілігінің экс-жетекшісі Аслан Мусиннің ұлы - Асылбек Мусин қайтыс болды. Бұл мәліметті ҚР СІМ өкілдері растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Оның (Асылбек Мусиннің - автор.) Ригада қайтыс болғанын растаймыз. Ригадағы консул оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр", - деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметіндегілер.
Асылбек Мусиннің әкесі Аслан Мусин 2008-2012 жылдары Қазақстан Президенті Әкімшілігін басқарған болатын. Ал 2014 жылдың наурызында Аслан Мусин Қазақстанның Хорватиядағы елшісі болып тағайындалды. Бірақ 2017 жылдың қаңтарында зейнет жасына келуіне байланысты бұл қызметтен босатылды.