Білім саласындағы бассыздық
2010 ж. 10 ақпан
959
0
Білім саласында тағы бір былықтың беті ашылды. Таяуда Петропавл қаласындағы Солтүстік Қазақстан гуманитарлық-техникалық университетінің екі жылдан бері білім беру қызметін заңсыз жүргізіп келгендігі анықталды. Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінің баспасөз хатшысы Н.Жахин қазіргі таңда аталған университет ректорының үстінен қылмыстық іс қозғалып жатқандығын хабарлады.
Университет студенттері 2010 жылдың алғашқы айында-ақ оқу орнында орын алған әділетсіздікке қарсы наразылық шарасын өткізген болатын. Тергеу барысында университеттің заңсыз білім беру арқылы 2008-2009 оқу жылында тапқан пайдасы 51 млн 750 мың теңгені құрағандығы анықталды. Н. Жахин ендігі жерде заңды белшесінен басқан Солтүстік Қазақстан гуманитарлық-техникалық университеті ректорына лицензиясыз кәсіпкерлік қызмет жүргізгендігі үшін бас бостандығынан айыру жазасы жүктелуі мүмкін екендігін айтады. Бірақ жазаны сот ғана анықтай- тындықтан, әзірге тергеу жүргізілуде. Білім саласындағы осындай түйткілді мәселені шешпей, Түймебаев ай қарап отыр ма?
Дайындаған
Гүлмира САДЫҚОВА