«Бүгінгі жастардың бейнесі» тақырыбында пікір-талас өтті

    2017 жылдың 29 қарашасы күні, «Нұр Отан» партиясы Әуезов аудандық филиалының бастамасымен, Қазақ қатынас жолдар университетіне қарасты Алматы техникалық-экономикалық колледжінің оқушылары арасында, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ. С. Тойшыбекованың басшылығымен, конференц-залда «Бүгінгі жастардың бейнесі» тақырыбында пікір-талас өтті. Іс-шараның мақсаты студент жастардың бәсекеге қабілетті кәсіби білім алуларына, кәсіби құзырлығының, білімдерін өмірлік жағдайларда қолдану аясында дамытуына, қоғамдық пайдалы қызмет дағдыларын қалыптастыру және тәрбие жұмысын нығайту болып табылады. Қ. С. Тойшыбекова пікір-таластың тақырыбымен таныстырып, жастарға бағыт-бағдар бере отырып, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақсанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауы мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының маңыздылығы мен ерекшелігін кеңінен баяндады. Ұлт Көшбасшысы Н. Ә. Назарбаевтың бастамасымен елімізде экономикалық және саяси реформалардың жүзеге асырыла бастағандығын, осы бастамалардың баянды болуы үшін санамызды уақыт талабына сай өзгерту, ел экономикамыздың қарқынды өркендеуіне жұмыла үлес қосу әрбір Қазақстандықтардың басты міндеті, соның ішінде Қазақстанның болашағы осы жастардың қолында екендігін жеткізе отырып, өз елінің потриоты болып, бәсекеге қабілетті тұлға болу әр азаматтың парызы екенін жеткізді. Студенттермен кері байланыс болып, тақырыпты ашып, пікір алмасты. Патриотизм – отбасынан басталатынын, өз елінің және халқының құқығын қорғауға әрқашан дайын екендіктеріндіктерін айтып, мемлекеттің жарқын болашағына деген сенім, үміт жоғары екенін айтты. Студенттер белсенділік танытып, бәсекеге қабілетті тұлға болатындарына сенімдерін білдірді.