БАУЫРЖАН БАЙБЕК АЛАШОРДАНЫҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КЕШКЕ ҚАТЫСТЫ

Похожее изображение Алаш арыстарының қазақтың азаттығы мен халықтың кемелдігі бағытындағы армандары мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласымен үндесетіні сүйіндіреді. Алматыда Алаш орданың 100 жылдығына орай салтанатты кеште сөз сөйлеген қала әкімі Бауыржан Байбек ХХ ғасырдың басында қазақ ұлты үшін күрескен зиялылар – Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Әлихан Бөкейханұлы, Хәлел Досмұхамедұлы сынды қайраткерлеріміз құрған Алаш үкіметінің еліміз үшін маңызына жан-жақты тоқталды. – Бүгін біз қилы заманда туып, қиямет кешкен, азаттық үшін күрес жолында мерт болған ғазиз жандардың аттарын ардақтап, әруақтарын ұлықтауға жиналып отырмыз. Дүбірге толы ХХ ғасырдың басында өз өмірлерін Ұлт бостандығы жолына сарп етіп, бар саналы ғұмырын ел мүддесіне арнаған қазақ зиялыларының аса құдіретті жұлдызды шоғыры пайда болды. «Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен бұрын мінезден» деп мәлімдеген осынау саяси күштің басында Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов сынды ұлт қайраткерлері тұрған еді, – деді Бауыржан Байбек. Ал осынау ұлы тұлғалар құрған «Алаш» партиясы мен «Алаш орда» үкіметі туған халқының әлемдегі ең озық елдердің қатарынан көксегендігі даусыз. Салтанатты кеште сөз сөйлеген өзге шешендер де ұлттық мүдде жолында қоғамның рухани жағынан мейлінше биік деңгейден көрінуі қажетттін баса айтты. qazaquni.kz.