Елбасы мақаласына қатысты дөңгелек үстел өтті
2017 ж. 19 желтоқсан
1526
2
Алматы қаласы Бостандық ауданында Алматы құрылыс және халықтық кәсіпшілік колледжінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында көрсетілген жоспарлар мен басымдылықтарды нақты қолдану мен терең талқылау мақсатында дөңгелек үстел болып өтті.
Дөңгелек үстел жұмысына «Нұр Отан» партиясы Бостандық аудандық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі – Есембаев Қайрат және колледждің оқытушылар құрамы мен белсенді студенттері қатысты.
Шараны Алматы құрылыс және халықтық кәсіпшілік колледжінің директоры Жамангөзов Камал құттықтау сөзімен ашып, жүргізіп отырды. Ол өз сөзінде Елбасының бағдарламалық мақаласы – қазіргі таңда әрбір қазақстандық үшін құнды әрі ел болашағының аса маңызды бағыт-бағдарын белгілейтін құжат екендігін қатынасушыларға терең түсіндіріп берді.
Өз кезегінде Қайрат Байғалиұлы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында көрсетілген міндеттердің маңыздылығы мен өзектілігіне кеңірек тоқталып, ұлттық сана құндылығының заманауи әрі рухани жаңғырығына айналуы қажеттігін айтты.