Еңбек ұжымы «Рухани жаңғыруды» қолдайды

  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті мен Түрксіб аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалымен бірлесе отырып, Алматы вагон жөндеу зауытында Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы мен Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру мақаласы және Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының ережелерін түсіндіру бойынша  Түрксіб ауданының еңбек ұжымдарымен кездесу өткізді. Жиынға  вагон жөндеу зауытының еңбек ұжымдары, зауыттың ардагерлері мен Түрксіб ауданы сыбайлас жемқорлыққа қарсы Қоғамдық кеңесінің мүшелері қатысты. Жиынды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Елнар Игіліков алғы сөзбен ашып, Түрксіб аудандық «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары Нұрланбек Әжібаев пен Алматы вагон жөндеу зауытының директоры Андрей Цой баяндамаларында зауытта   жемқорлықтың алдын алу, болдырмау және деңгейін төмендету мәселелері жөнінде ауқымды жұмыстар атқарылып жатқандығы жөнінде атап өтті.