РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ҰЛТТЫҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасына орай Алматыдағы «Ғылым ордасында» ұлы қазақ жазушысы, қоғам қайраткері, ғалым, Ұлттық ғылым академиясының алғашқы академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Мұхтар Әуезовтың 120 жылдығына арналған «М.Әуезов және ұлтымыздың рухани жаңғыруы» атты халықаралық ғылыми симпозиум өтті. Аталмыш шараны ҚР білім және ғылым минстрлігі М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, «Ғылым ордасы» РМК, Алматы қаласының әкімшілігі, ҚР Ұлттық ғылым академиясы, Мемлекеттік тарихи-мәдени, және әдеби-мемориалдық «Жидебай-Бөрілі» қорық-музейі ұйымдастырды. Симпозиумға АҚШ, Голландия, Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан, Ұлыбритания, Тү­кия сияқты елдердің белгілі әдебиет зерттеуші ғалымдары, мемлекет, қоғам қайраткерлері, парламент депутаттары, Қазақстан республикасының ғылым және мәдениет кайраткерлері қатысты. Халықаралық дәрежедегі си­позиум М.О.Әуезов еске­кішіне гүл шоқтарын қою рәcімімен басталды. Одан кейін қатысушылар арнайы дайындалған кітап көрмесімен және Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайымен танысты. Салтанатты жиынды ҚР БҒМ ҒК М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы У.Қалижанов кіріспе сөзбен ашып: «Мұхтар Әуезов – қазақ халқының кемеңгер ойшылы, ұлы суреткері. Осы бабамыздың өмірі мен еңбегі еліміздің бүгінгі тәуелсіздігін аңсап өткен. Мұхаңды құрметтеу – елдің тәуелсіздігін құрметтеу, өз еліңді сүю, Отаныңды қорғау, қазақ елінің тәуелсіздігі үшін жан аямау» деген еді. Міне, ел еркіндігін аңсап өткен абзал азаматын туған елі бүгінде ардақ тұтып отыр», – деп ізгі лебізін білдірді. Сонымен қатар, ҚР ҰҒА академигі М.Жұрынов М.Әуезовтің туысқандары мен шараға қатысушыларды ұлы заң­ғар жазушының мерейтойымен құттықтады. Шараға қатысқан Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек өзінің алғы сөзінде: «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасында Елбасы өзіміздің рухани мәдениетімізді, тілімізді және әдебиетімізді сақтау керекпіз деп атап айтқан еді. Мұхтар Әуезовтың қаламы – қазақ классикалық әдебиетінің ең үздік мысалына және болашақ буынның таусылмас шабытына айналды», – деп атап өтті. Шара барысында, мектеп оқушыларының «Менің Әуезовім» атты шығармашылық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Сонымен қатар, М.Әуезов шығармашылығы мен оның ғылыми мұрасы жөнінде, оның еліміздің қазіргі дамуына тигізетін әсері жөнінде қазақстандық белгілі ғалымдар мен драматургтер ғылыми баяндама жасады. Қазақстанның беделді ғалым-филологтары симпозиум барысында қазақ әдебиетіндегі Әуезовтің шығармашылық және ғылыми мұралары жөнінде және оның заманауи ғылым мен әдебиетте алар орны туралы сөз қозғалды. Мұхтар Әуезов Семей, Ташкент, Ленинградта оқып жұмыс жасады. 1930 жылдан бастап Алматыға көшіп келді. Сол кезеңдегі қаланың тағдыры мен өмірі «Алматы күні» атты шығармасында сипатталды. Бүгінде жазушыларға арналған Төлебаев көшесіндегі 185 үй Алматыдағы қазақ мәдениетінің ерекше бойтұмардай орталықтарының біріне айналды. Дәл осы жерде ол өзінің атақты «Абай жолы» шығармасын аяқтап бітірді. Әкімдіктің қолдауымен ескерткіш үй-музей «Астана-Стройинвест» корпорациясы арқылы қайта жөнделді.