Алматы қаласы Алатау ауданының мұғалімдері латын әліпбиін қолдайды.
«Нұр Отан» партиясы Алатау аудандық филиалының ұйымдастыруымен №179 жалпы білім беретін мектепте «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасындағы «Латын әліпбиіне көшу» бағыты бойынша мектептің «Ынтымақ» бастауыш партия ұйымының ұжымымен кездесу өтті. Кездесуге «Нұр Отан» партиясы Алатау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Алмасаев Мұханқали Тұрашұлы және партияның идеология бөлімінің қызметкерлері қатысты.
Іс-шараны №179 мектеп директоры Шара Талғатқызы Иманбекова ашып, «Латын әліпбиіне көшудің» маңыздылығына баса назар аударды. Осы тақырып аясында мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Б.А.Мұстафина «Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі» атты баяндама жасап, латын әліпбиінің тиімділігін жан-жақты ашып айтты. Кездесудің екінші бөлімі жалпы ашық пікірталас түрінде өтті. Жиынға қатысушылардың барлығы өз ойларын білдіріп, ұсыныстарын айтты. Басқосуда қатысушылар латын әліпбиі бойынша өздерінің аттарын және Абайдың өлең жолдарын жазып, мысал келтіріп жатты.
Жиналыс қорытындысы бойынша барлық қатысушылар латын қарпіне көшудің маңыздылығын түсініп, қолдайтындарын айтты.