Латын әліпбиіне көшуге байланысты жиын өтті

Алматы қаласы Медеу ауданына қарасты №5 қалалық клиникалық ауруханада латын әліпбиіне көшуге байланысты жиын өтті Жиынды ашқан аурухананың бас дәрігері Болат Садықов бүгінгі күннің өзекті тақырыбына айналып, жұртшылық арасында түрлі ой-пікір қалыптастырып жатқан  қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру мәселесіне жан-жақты тоқталып, осы бағыттағы қоғам алдында тұрған ендігі ең басты міндет болып табылатын  Елбасының осы бастамасына  қолдау  көрсету екендігін атап өтті.  Қоғамдағы өзгерістердің қозғаушы күші бұқара халық екендігін баса айтқан бас дәрігер әріптестерін осы істе белсенділік танытуға шақырды. Ал жиынға қатысқан Медеу ауданы әкімінің орынбасары  Ғани  Майлыбаев  қазақ тілінің латын әліпбиіне көшу мәселесінің  көкейтестілігіне тоқталды. Қазақ қоғамында қызу талқыланып жатқан латын әліпбиіне ауысудың Қазақстан азаматтары үшін   қиындығы мен тиімді тұстарын  атап айтқан аудан әкімінің орынбасары латын тіліне ауысу түркітілдес елдермен қарым-қатынасты, еуропа тілдерін  үйренуді жеңілдетеді. Елбасы атап өткендей латын әліпбиіне көшу болашамызға жасалған батыл қадам, шын мәніндегі қоғамдық сананы жаңғырту болып табылады дей келе,  білім, мәдениет, рухани құндылықтарымыздың  орталығы болып саналатын Медеу ауданы жұртшылығының латын әліпбиіне көшуді жат көрмейтіндігін, бұл істе  көш басынан көрінетіндіктерін жеткізді. Латын әліпбиіне көшу қазір қиындық туғызғанымен, ертең еліміздің  дамуына тигізетін пайдасын, осықадам арқылы Қазақстанның төрткүл дүниемен  жаңа рухта қауышатындығын айтқан аурухананың балалар дәрігері С.Құрманалина,  қабылдау бөлімінің дәрігері С.Аханова, 1 бет жақ хирургиясы бөлімінің меңгерушісі Хайроев, 2-бет жақ хирургиясы бөлімінің меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі А.Жаппаровтың ой-пікірлері жиналысқа қатысушылардың көкейіндегі көрікті ойларды дөп басты. Ал жиынды қорытындылаған аурухананың бас дәрігері Болат Садықов ендігі кезекте  қазақ тілін латыншаға көшірудің маңыздылығын барлық қызметкерлерге, емделушілерге түсіндірудің маңыздылығын айта келіп,   латын әліпбиінің  әліппесімен жақсы таныс әріптестерін  латынға көшудің жаңа нұсқасын қолдауға, осы бағытта  атқарылуға тиісті  маңызды істерді бірлесіп қолға алуға шақырды.