«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ»: АЛМАТЫДА БЕЛСЕНДІ АЗАМАТТАР ФОРУМЫ ӨТКІЗІЛДІ

Похожее изображение Аталмыш форум аясында «белсенді азамат» номинациясы бойынша үздік шыққан тұрғындарды марапаттау рәсімі болып өтті, сондай-ақ қалалықтардың қолынан шыққан фотосуреттер көрмесі ұйымдастырылды. Айта кетейік, қаланы әлеуметтік-экономикалық жағынан дамытудың жеті бағыты бойынша ұсынылған отыз жобаның ішінен жетеуі ең таңдаулы ретінде іріктеліп алынды. – Қала тұрғындары арасында қоғам мүддесін биік қойып, өзі көзге түсуді ешбір қаламайтын аса ізетті, кішіпейіл тұрғындар бар. Біз осындай жандардың еңбегінің лайықты бағалануына назар аударғымыз келді, – дейді мәслихат дептутаты, «Мен – алматылықпын» қоғамдық қорының төрағасы Константин Авершин, – Айталық, Давид Балтабаев деген бала өз ынтасы бойынша ұзақ уақыт қалада қоқыс жинаумен айналысып келген. Меніңше, көпшілікке үлгі болатындай мұндай әрекеттерді ел білуге тиісті. Сол секілді, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы Басқармасы кеңсесінің «Атамекен» бағыты бойынша бас менеджер Нұрлан Өтешевтің айтуынша, мұндай іс-шаралар мегаполистің әрбір тұрғынына ой салып, әлеуметтік белсенділігін арттыруға тиісті, бұл да қоғамдық сананы жаңғыртудың таптырмас құралы. Қ.САҒАТҰЛЫ