«МЕКТЕБІМДІ МАҚТАН ЕТЕМІН»

Похожее изображение Алматыда Медеу ауданы әкімінің қатысуымен брифинг өткізілді. Іс-шара аясында аудан басшысы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілген жұмыстарға тоқталды. – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев идеясы бойынша қоғамдық сананы түлету бағытында атқарылған шаруалардың маңыздысы ретінде «Достық және Төле би көшелерінің күндерін» өткізуіміз деп білемін. Мұнда жастарды рухани-адамгершілік жағынан тәрбиелеу және көше тұрғындарының ынтымағын арттыру, сондай-ақ олардың қала мен аудан тарихы туралы таным көкжиегін кеңету мақсаты көзделді, – дейді аудан әкімі Ержан Жылқыбаев. Сондай-ақ Медеу ауданының сексен жылдығы мерекесі аясында аудан әкімшілігінің бастамасымен «Мен өз мектебімді мақтан етемін» аталатын акция жарияланды. Онда Медеу ауданы мектеп бітірушілерінің алғашқы форумы өткізілді, «Ұрпақтар сабақтастығы» науқаны ашылды. Осы арқылы жастарды отансүйгіштік рухына баулу бағытында өмірде мейлінше биік жетістіктерге жеткен тұлдғалардың аудан жастарымен жүз кездесуі өткізілді. Брифинг барысында әкім аудан аумағындағы әлеуметтік-экономикалық дамуға қатысты бірқатар көрсеткіштерге тоқталды. «Атап айтқанда, біздің ауданымыз қала масштабында барлық салық түсімдерінің 30%, қаржылық операциялардың 70% -ын және көтерме сауда айналысының бес бөлігін қамтамасыз етіп отыр. Аудан бойынша салықтық түсімдер былтырғы жылмен салыстырғанда 16,7 млрд. теңге өсті. Ауданда жаңа бизнес нысандары үздіксіз ашылып отырады. Өнеркәсіп өндірісі – 98 млрд. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 30 млрд. теңге артық көрсеткіш» деді әкім. Қ.САҒАТҰЛЫ