«Рухани жаңғыруға» қатысты дөңгелек үстел өтті

  Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Алматы қалалық белгілі арналған тұрағы жоқ адамдарға әлеуметтік бейімделу Орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы бойынша дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстелге әлеуметтік үйдің қызметкерлері мен мамандары қатысты. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілген халқымыздың өсіп өнуіне және дамуына бағытталған төрт бағыттың әрқайсысына тоқталып, жеке-жеке түсіндірілді. Сондай-ақ, рухани жаңғыру халықтың рухын, туған жерге деген адал сезімнің биік болуға шақыратындығын, Қазақстанның болашағы үшін үлесі зор екенін атап өтті. Әлеуметтік үйдің қызметкерлері мен мамандары өз ойларын ортаға салып, мақаланы толықтай қолдайтындықтарын айтты.