С. КӨПБАЕВ АТЫНДАҒЫ №186 МЕКТЕП 80 ЖЫЛДЫҒЫН АТАП ӨТТІ

Похожее изображение Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру»бағдарламасы білім саласының жаңа биікке көтерілуіне ықпал еткені баршамызға белгілі. Осынау ел өміріне айрықша серпіліс берген бағдарлама аясында білім ордаларында өскелең ұрпаққа берері мол шаралар көптеп өткізілуде. Солардың бірі –Алматы қаласы Нурызбай ауданына қарасты С.Көпбаев атындағы №186 мектептің 80 жылдығы мен С.Көпбаевқа арналған мұражайының 15 жылдығының салтанатты түрде аталып өтілгендігі болатын. Мерейтойға Қазақстан Республикасы Білім саласында еңбек сіңірген қоғам қайраткері Ш.К.Беркімбаева,Сейділда Даулетбақұлының жары – Қуанышкул Меңдіаяққызы, қызы – Л.С.Көпбаева, Наурызбай ауданы білім бөлімінің басшысы – Г.Жомартбай, Наурызбай ауданы кәсіподақ ұйымының төрағасы - М.А.Сейтаскаров, Наурызбай ауданы «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары - С.Тұяқбаев, Наурызбай ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы - М.Каркенов, Наурызбай ауданының мектеп директорлары, мектеп мұғалімдері мен әр жылдардың түлектері қатысты. Шара барысында мектеп ұстаздары мен оқушылары мектептің тарихы туралы баяндап, қонақтарға мерекелік бағдарлама ұсынды.