«АНА ТІЛІМ – ӘН ЖЫРЫМ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТТАЛДЫ

Похожее изображение

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бедерінде Алматы қаласында мәдени-рухани шаралар тұрақты түрде өз жалғасын тауып келеді. Осынау игі шараның бірі Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппаратынынң ұйымдастыруымен өткен «Ана тілім-ән-жырым» атты қалалық байқау болатын-ды.

Байқауға Алматы қаласының 8 ауданынан жалпы 24 өнер майталмандары қатысты. Байқау «Сұлу сазды әсем ән», «Толғауы терең жыр терме», «Мағыналы ойлы көркемсөз» атты 3 кезеңнен тұрды.

«Сұлу сазды әсем ән» кезеңі бойынша Ахметжанов Әділ Айдарбекұлы бірінші орынды жеңіп алса, «Толғауы терең жыр-терме» кезеңі бойынша Бәзілжанов Біржан Сәрсенқожаұлы қатысып, жүлделі үшінші орынды иеленді.

«Мағыналы ойлы көркемсөз» номинациясы бойынша Назаров Бейбіт Нұрлыханұлы «алғыс хатпен» марапатталды.

Қалалық байқауда бақ сынап, жаңа ауданның абыройын асқақтатқан барлық тіл жанашырларына Наурызбай ауданы әкімінің аппараты шығармашылық табыс, отбасында денсаулық пен бақыт тіледі. Болашақта да туған тіліміздің абыройын асқақтатуға бағытталған мұндай шаралар өз жалғасын таба бермек.

Qazaquni.kz