«ҚОНЫС-2017» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ЖАТТЫҒУЫ ӨТТІ

Ел Президенті Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясындап бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде қарапайым халыққа берері мол игі шаралар жиі өткізілуде. Халықтың рухани байлығымен қатар, олардың қауіпсіздігі де маңызды. Жылдағыға қарағанда жаңа серпінмен өткен іс-шараның бірі –Алматы қаласы Наурызбай ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі, Наурызбай ауданы әкім аппаратымен бірлесе отырып өткізген Республиқалық командалық штабтық жаттығу «Қоныс-2017» оқу-жаттығуы. Көрсеткіш оқу жаттығуы Алматы қаласы №174 мектеп гимназиясында өтті.

Мектептің аумағында жер сілкінісі нәтижесінде, жедел шатыр және жиналмалы төсек санитарлық оңалту пунктына орналастырып, зардап шеккендерге психологиялық жеңілдету, далалық ас жабдықтау орынын, алғашқы медициналық көмек көрсету үшін шатыр қалашығына апарып орналастырылды. Сонымен қатар арнайы жаттығуда техникалық су, азық-түлік және киім-кешек жабдықтарын жеткізу үшін көліктермен қамтамасыз етілді.

Жоспарланған оқу-жаттығуы ойдағыдай жүргізіліп, аудандағы азаматтық қорғау қызметкерлері арасындағы тәжірибелік ынтымақтастық күшейіп, аудан әкімінің орынбасары Е.Құрмашев «Өте жақсыға» бағалады.

Жаттығудың мақсаты – мүмкін жағдайда, жойқын жер сілкінісі кезінде тұрғындарды қорғауда, қалалық жүйенің дайындығын тексеру, қаланың хабарландыру құрылғыларының қызметін тексеру. Сонымен қатар, тұрғындарды табиғи сипаттағы төтенше жағдайда, әсіресе жойқын жер сілкінісі жағдайында атқарылатын іс-әрекетке үйрету болды.

Qazaquni.kz