ЖЕЛТОҚСАН ОҚИҒАСЫНЫҢ КУӘГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

Похожее изображение Алматы қаласы Наурызбай аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күні қарсаңында Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 1986 жылғы Желтоқсанға қатысқан аудан тұрғындарымен кездесу өткізілді. Ару Алматының Бас жоспарына сәйкес, Наурызбай ауданы аумағында жүзеге асырылып жатқан жобалар мен ауданның келешектегі дамуы жайындағы макетпен таныстыру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, шара барысында 1986 жылғы Желтоқсанға қатысқан азаматтар бір жерде шоғырланған әкімшілік ғимараттар кешенімен жете танысуға мүмкіндік алды. Шара барысында Наурызбай аудан әкімінің орынбасары Б.Пірәлиев 1986 жылғы Желтоқсанға қатысқан азаматтарды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтап, «Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы бастыбағыттарды тілге тиек етті. Шараға қатысқан желтоқсан ардагерлері Лепесов Сайлау, Бейсембиева Қалдыгүл, Елеусизов Махсут, Тажибаев Жұмайбай, Мұхаметжанова Анар, Шаншаров Бақыт, Байбахов Советхан, Майхарина Шолпан, Жакежанов Қайратбек сынды азаматтар Ел Президентінің тарихи мақаласы турасындағы өздерінің ой-пікірлерімен бөлісті. Желтоқсан оқиғасы туралы естеліктерімен бөлісті. Желтоқсан ардагерлері аудан әкімінің орынбасарына өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды. Qazaquni.kz