БҮЛДІРШІНДЕР АРАСЫНДАҒЫ БАЙҚАУ МӘРЕГЕ ЖЕТТІ

Картинки по запросу рухани жаңғыру

Қазақ елінің терезесін әлем елдерімен теңестірген кемеңгер көшбасшымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру мақсатында Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалымен бірлесіп «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» және «Менің Астанам» атты сурет салу байқауы өткізілді.

«Балашақ» балабақшасында мектепке дейінгі білім мекемелеріндегі жоғарғы топ балалары арасында өткен байқаудын басты мақсаты – шығармашылық әлеуетті, балабақша балаларының белсенділігін дамыту, балаларға өздерінің шығармашылық жұмыстарын барша көрермендермен таныстыру мүмкіндігін жасау, шығармашылық әлеуетті және сурет өнерін дамыту мен балабақшалардың тартымды имиджін және корпоративтік мәдениетін құру.

Байқауға ауданнан 26 балабақша қатысты. Аталған іс-шараның нәтижесі бойынша 1-ші орынға «Балашақ» балабақшасының тәрбиеленуші Алихан Саяжан ие болды. 2-ші орын иегері «Қамажай» балабақшасынан қатысқан бүлдіршін Щур Анастасия атанды. Ал 3-ші сыйлы орынға «Талшын» балабақшасының жас суретшісі Сейіткамал Аяулым қанжығасына байлады.

Жүлдегерлер аудан әкімінің мадақтамалары және сыйлықтарымен марапатталды.

Qazaquni.kz