«ХАН ТӘҢІРІ» КЕШЕНІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

Картинки по запросу нур отан

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Нұр Отан» партиясы Алматы қаласы Наурызбай аудандық филиалының бастамасымен «Хан Тенгри» тұрғын үй кешенінің тұрғындарына учаскелік полиция инспекторлары әкімшілік учаскелік аудан тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесудің мақсаты – қылмыстың алдын алып, қоғамдық тәртіп күзетін және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Кездесу кезінде криминалистік қылмыстарды болдырмау, олардың себептерін көрсетіп, қылмыстық ахуалдың алдын алу мәселелері қозғалды. Жергілікті тұрғындардан өміріне алаңдаушылық тудыратын сұрақтар қойылып, оларға тұщымды жауаптар берілді.

Кездесуде «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.Тұяқбаев әкімнің кеңесші-үйлестірушісі М.Кушербаев аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы М.Каркенов Наурызбай аудандық Жергілікті полиция қызметі басшысы А.Нұрқанат сөз алды. Жиналған халыққа есеп беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Тұрғындар тарапынан қойылған көкейкесті сұрақтарға жауап берілді. Сондай-ақ шара барысында тұрғындармен кездескен «Нұр Отан» партиясының өкілдері «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын халыққа жете түсіндіріп, Елбасының сарабдал саясатын ел болып жұрт болып бірге жүзеге асыру арқылы елімізді биіктен көруге болатындығы жөнінде әңгіме өрбітті.