Алматы әкімі жұмысшылармен кездесті

Картинки по запросу рухани жаңғыру алматы

ҚР Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы елдің рухани тұрғыдан баюына ғана емес, барлық саланың жан-жақты дамуына жол ашты. Осы бағдарлама негізінде Алматы қаласында да көптеген ілкімді істер атқарылуда. Қала әкімдігінің тікелей бастамасымен атқарылған ауқымды істердің арқасында Ару Алматы күн санап жаңарып, жасарып жаңғырып келеді.

Атап айтқанда, Алматыдағы Хмельницкий көшесін Майлин көшесінен «Жас қанат» ықшам ауданына дейін үңгілеу аяқталды. Алматы әкімі жұмыс сапары барысында жедел дамып келде жатқан елді мекенді қамтитын көлік инфрақұрылымының жұмыстарымен жете танысты.

Кездесу барысында қала басшысы әлемдік күрделі экономикалық жағдайға қарамастан мемлекет қазынасынан Алматының инфрақұрылымын дамытуға қаржы бөлінуі үлкен іс екендігін атап көрсетті. Ұзындығы 1,1 шақырым болатын жаңа жол салу 2016 жылдың маусымында басталған-ды. Осы істі атқару барысында 400-ден астам жаңа жұмыс орны құрылып, қаншама адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік туды. Сондай-ақ, мердігер компания қала бюджетіне 400 млн. теңге салық төледі. Елді мекен тұрғындары болса, жаңа жолды иеленд і.

Күн санап көркейек түскен Алматыдағы «Жас қанат» ықшам ауданында тұратын 11 мыңға жуық адам көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз етілді. Екі көпір құрылысы аяқталды, төрт жолақты қозғалыс бөлігі пайда болды. Сонымен қатар, жарық көздері орнатылып,тротуарлар абаттандырылды. Автобус қатынасы да реттелді. Осылайша ажарлана түскен «Жас қанат» ықшам ауданы келешекте де дамып көркейері анық. Жұмысшылармен кездескен қала әкімі олардың еңбектеріне жеміс тіледі.

qazaquni.kz