ЖАС ОТБАСЫЛАРҒА ТҰРҒЫН ҮЙ КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

Картинки по запросу алматы жастары пәтер

Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бедерінде бүгінде Алматы қаласында қарқынды жұмыстар атқарылуда. Елбасы саясатын жүзеге асыру мақсатында бүгінде қала әкімдігінің бастамасымен көпшіліккке берері мол игі бағдарламалар жүзеге асуда. Сорлардың бірі – қалада жастарға несие берудің «Алматы жастары» сынамалы бағдарламасы. Аталмыш бағдарлама бойынша қаладағы біраз отбасыға кілттер мен тұрғын үй сертификаттары табыс етілді. Бағдарламаны жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен 1 млрд. теңге бөлінген-ді.

Алматы әкімдігі мен «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» бірігіп қолға алған «Алматы Жастары» бағдарламасына 35 жасқа дейінгі жастардың қатсуға мүмкіндігі бар. Бағдарлапманың ережесіне сай алғашқы жарна төлемесе де, несие ең төменгі пайызбен беріледі және жастардың қай жерде жұмыс істейтіндігі маңызды рөл атқармайды.

Отбасыларға пәтер кілтін салтанатты түрде табыстаған Алматы қаласы әкімі Бауыржан Байбек «Алматы Жастары» бағдарламасының аясында жыл соңына дейін 100 алматылық жас отбасы жеке пәтерлерінің кілтін алатындығын атап өтті.

Qazaquni.kz