ҰЛТТЫҚ РУХЫ МЫҚТЫ ҰРПАҚ МЕКТЕП ҚАБЫРҒАСЫНДА ТӘРБИЕЛЕНЕДІ

Картинки по запросу рухани жаңғыру алматы

Алматы қаласы Наурызбай ауданы №176 мектеп-гимназиясында Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, өскелең ұрпақтың бойына патриоттық, ұлттық тәрбиені сіңіру мақсатында жазушы-драмматург Дулат Исабековпен кездесу өтті. «Әдебиет әлеміндегі тұғырлы тұлға» атты осынау шара барысында кеш кейіпкері оқушыларға «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының мән-маңызын ашып түсіндіріп берді. Әрі Отанды сүю керектігін, ұлттық рухы мықты ұрпақтың мектеп қабырғасында қалыптасатындығын тілге тиек етті.

Шараға Наурызбай аудандық білім бөлімінің әдіскері Ләззат Диханбаева, қаланың басқа аудандарындағы мектеп директоры тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. Дарынды жазушының өмірі мен шығармашылығы жайлы шағын бейнероликпен басталған кеш оқушылардың өлеңдерімен, қойылымдарымен, шығармаларынан үзінді оқумен, сондай-ақ сырлы сұхбат жүргізумен жалғасын тапты.

Әсем ән мен күй, мың бұралған бишілердің биінен бөлек, ерекше есте қалғаны Д.Исабековтың «Мұңлық-Зарлық» аңызына қойылған шағын қойылым болды. Жоғары сынып оқушылары аңыздағы өз рөлдерін жоғары деңгейде сомдап, кездесуге келген әрбір қонақа ерекше сезім сыйлай білді. Бұл туралы төр қонағы Д.Исабековтің өзі «Бұл аңыздың қойылымын қою кез - келгеннің қолынан келе бермейді. Оқушылар кәсіби деңгейде орындады. Өте риза болдым, көзіме жас келді. Менің өмірімді, не айтқым келгенін көз алдыма елестеткізе алды. Осындай ұрпақ тәрбиелеп отырған мектеп ұжымына мың алғыс» - деп үлкен ризашылығын білдірді.

Жиын соңында биыл 75 жасқа толған дара драматург - жазушы Дулат Исабековке мектеп әкімшілігі алғыс айтып, бағалы сыйлықтар тарту етті.

qazaquni.kz