АЗАТТЫҚТЫ АРҚАУ ЕТКЕН ТАҒЫЛЫМДЫ ШАРА

Картинки по запросу рухани жаңғыру алматы

Тәуелсіздік күні қарсаңында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Алматы қаласындағы Медеу ауданының әкімі Е.Жылқыбаевтың «Ұрпақтар сабақтастығы» бастамасымен тәрбиелік мән зор тағы бір шара өткізілді.

Іс-шара тәуелсіздікпен құрдас еліміздегі айтулы білім ордасының бірі

Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназияда өтті. Оқушыларды білім нәрімен сусындатып қана қоймай, олардың бойына отансүйгіштік, патриоттық қасиеттерді сіңіре білген ұстаздар қауымының бұл тұрғыдаңы еңбектері ұшан-теңіз екендігін айтпай кетуге болмайды.

Осынау білім шаңырағындағы ҚР Құрметті қызметкері Сайрагүл Алдынғұрова жетекшілік ететін 2 «ә» сынып оқушыларының қатысуымен өткен ашық сабақ өзінің мән-мазмұнының жоғарылығымен ете қалды. «Тәуелсіз қазақ елім» атты бұл шарада оқушылар ең алдымен Тәу етер Тәуелсіздігіміз турасында әзірленген бейнефильмді тамашалады. Шара барысында олар Азаттық жолында жанын құрбан еткен қайраткерлер туралы толғырақ мағлұмат алып, олардың рухына тағзым етті.

Сайрагүл Рәметқызының ұйымдастыруымен өткен бұл шарада оқушлыар ел егемендігіе қолжеьткізген 26 жыл ішінде қандай жетістікке жеткендерін аұқтанышпен әңгімеледі.

Сондай-ақ, Тәуелсіздігіміздің тірегі болған 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің мән-маңызы туралы да айрықша ыждахаттылықпен әңгімеледі.

Сонымен қатар, өнерлі өрендердің туған ел, Отан тақырыбында шырқаған әдемі әндері жиылғандарды сүйсінтті. Оқу ордасында тәлімі мол мұндай шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек.

qazaquni.kz