Театр ұжымы мерекеге тамаша тарту жасады

Картинки по запросу рухани жаңғыру алматы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты тарихи мақаласы ел өміріне ерекше серпіліс сыйлағаны белгілі. Осынау бағдарлама аясында биылғы жылы Тәуелсіздік күні де айрықша аталып өтті. Мән маңызы жоғары тағылымды шараның бірі Алматы қаласындағы М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында "Ұлы Дала елі" атты театрландырылған музыкалық концерт өтті. Мерекелік іс-шара театр директоры, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Біләл мен Қазақстанның Халық артисі Сәбит Оразбаевтың құттықтау сөзімен басталды. Осынау салтанатты кешті Алматы қаласы аудандарының тұрғындары мен Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық және Абылай хан атындағы Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеттерінің студенттері мен оқытушылары, факультет декандары тамашалауға мүмкіндік алды. Концертті Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Болат Әбділманов пен театрдың талантты актрисасы Жанель Мақажан жүргізді. Ал театр ұжымынан құрылған хор әсем әннен шашу шашты. Театр артистері: Алмас Шаяхметов, Гүлнұр Шыңғысова, Ғалымбек Оспанов, Мейрамбек Тағанов «Қыз Жібек» музыкалық шығармасынан ариалар шырқап жиылған жұртшылықтың көңілін бір серпілтіп тастады. Сонымен қатар театрдың талантты артистері Бекжан Тұрыс, Айзада Сатыбалдиева, Ажарлым Бақытжанова, Ләззат Қалдыбекова, Аян Өтепбергендер қазақтың халық әндері мен танымал композиторлардың шығармасын шырқап көпшілік көрерменге әдемі әсер сыйлады. Қастерлі де қасиетті Тәуелсіздік күнімен Алматы жұртшылығын құттықтаған театр ұжымы "Рухани жаңғыру" бағдарламасы арқылы жаңарып, жасарып, жаңғырып жатқан Қазақ елінің азатығы міңгілік жасасын деп өздерінің жүрекжарды тілектерін білдірді. Гүлмира БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ qazaquni.kz