Алматыдағы Достық үйінде ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты Философия, саясаттану және дінтану институты Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми сараптамалық тобымен бірге «Қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіруді жүзеге асырудың әлеуметтік-саяси аспектілері» атты тақырыпта республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. Конференция жұмысына танымал қазақстандық ғалымдар, философтар, саясаттанушылар, әлеуметтанушылар, қоғамдық қызметкерлер және журналистер қатысты.
Ғалымдар, мамандар мен ғылыми қауымдастық өкілдерінің аталған конференциясы латын графикасына қазақ тілін ауыстыру бойынша ҚР Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасын іске асырудың әлеуметтік-мәдени, саяси және әдіснамалық аспектілерін талдауға арналды.
Аталған конференция барысында Бес институционалды реформаны жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам –Ұлт жоспары», болашақтағы біртұтас ұлтты қалыптастыру және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Мемлекет басшысының бағдарламалық мақаласы бойынша жалпықазақстандық бірегейлік және Қазақстан этностарының бірлігі мен келісімін нығайту шеңберінде қазақ әліпбиінің алдағы реформасын іске асырудың өзекті мәселелері жан-жақты талқыланды.
Қазақ әліпбиін реформалау тарихи алғышарттармен астасып жатыр және әлемдік технологиялық, коммуникациялық кеңістікке енуге бағытталған. Сонымен бірге, бұл мәселе қазақстандықтардың қоғамдық санасын жаңғырту аясында жалпықазақстандық ұлттық бірегейлікті нығайту мен рухани жаңғыру үшін үлкен мәнге ие. Сондықтан 2012 жылдың 14 желтоқсанында Президент өзінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында «аталған әлеуметтік-экономикалық және рухани өмірді жаңғырту Қазақстан халқын топтастырушы болуы тиіс» деп атап көрсеткен болатын.
Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның қатысушылары қазақ жазуының латын әліпбиіне өтуі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық құжаттарында және «Мәңгілік Ел» жалпыхалықтық идеясында аталған ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, Қазақстанның әлемдік ақпарат кеңістігіне енуі және уақыт талабымен байланысты рухани және қоғам өмірінің тағы да басқа көптеген мәселелерін шешу қоғамдық сананың маңызды факторы болып табылатындығын атап көрсетті.
Ғалымдар мен мамандар, Қазақстан халқы Ассамблеясының және республикалық ғылыми қауымдастығының өкілдері конференция тақырыбы мен ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты жүргізген зерттеу нәтижелерін талқылау барысында төмендегідей ғылыми-тәжірибелік ұсыныстар мен қорытындылар шығарды:
- Институт жүргізген ғылыми-зерттеу жұмыстары мен әлеуметтік зерттеулер нәтижелері республиканың көптеген тұрғындары қазақ жазуының латын әліпбиіне көшуін қолдайды және жағымды қабылдайтындығын көрсетті. Қазақстан халқы Ассамблеясы өзінің этномәдени бірлестіктері атынан, ғылыми қауымдастықпен бірге этносаралық сұхбат пен ынтымақтастықтың көпжылдық жеке тәжірибесін қолдана отырып, Қазақстан халқының бірлігі мен келісімін сақтау мен дамыту мақсатында алда тұрған мемлекеттік тілді латын графикасына көшіруді әлеуметтік-мәдени және саяси қолдауға барлық күш-жігерін жұмсайды. Оның кепілі ретінде әрбір қазақстандық мемлекеттік социо-лингвистикалық реформасы арқылы ашылатын мүмкіндікті тәжірибеде іске асырады: бизнесте, әлеуметтік салада, идеология мен мәдениетте және қоғамның барлық саласында.
- Тұрғындар үшін ақпараттың негізгі көзі теледидар және интернет басылымдары болып табылады. Сондықтан тұрғындар арасында кең танымал аты аталған электронды БАҚ-да ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейту керек. Сонымен бірге, баспа БАҚ-да ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыру қажет. Бұл ретте танымал қазақстандық және шетелдік саясаткерлер, ғалымдар мен қоғамдық қызметкерлер қазақ тілінің латын әліпбиіне өтуінің ұтымды тұстарын нақты дәлелдермен жеткізуі тиіс.
- Аталған әлеуметтік зерттеулерде айтылған аға буын өкілдерінің кейбір бөлігінде мемлекеттік тілдің латын графикасын игеруде қиындықтар туындауы мүмкіндігін ескере отырып, реформаның бастапқы кезде мүмкін ресми құжаттарда текстерді латын және кириллица әліпбиінде қатар қолдану қажет болады. Латын әліпбиіне өтудің бастапқы кезеңінде осы екі графиканы қоғамдық кеңістікте де сақтауға болады, ол қазақстандықтардың аға буын өкілдерінің тез бейімделуіне көмектеседі.
4.Қоғамдық кеңістікте, жарнаманың барлық түрінде жаңа әліпби белсенді түрде насихатталуы керек: сауда-саттық, бизнес-жарнама, мекен-жайлық, әлеуметтік жарнама және т.б. БАҚ баспа құралдарында қазақ тілінің латын әліпбиінде әрдайым жұмыс жасайтын ақпараттық бағана болуы қажет.
5.Қазақстандық интернет-кеңістікте әрбір қиналған адам тәулік бойы барлық графикалық таңбаларды қолдану бойынша толық түсініктеме ала алатын қазақ тілі үшін латын әліпбиінің ерекшеліктерін түсіндірудің тегін ақпараттық жолдарын құру керек.
- Ғылыми қауымдастықта «Ғылым ордасы» базасында гуманитарлық бағыттағы жеті институттың пәнаралық әдістемелік семинарын тұрақты ұйымдастырып отыру қажеттілігі туындады. ҚХА, ҮЕҰ және басқа да азаматтық қоғам институттарымен бірге «Рухани жаңғыру» және «Қазақстан-2050» Стратегиясының тапсырмалары аясында мемлекеттік тілдің латын әліпбиіне көшірілу үрдісін жетілдірудің жаңа механизмдерін ұсынатын сұхбат алаңы ретінде осы семинарды қолдануға болады.
- ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты 2018 жылы Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірге қазақ тілінің латын графикасына өтуін табысты жүзеге асыру бойынша біріккен жұмыс және біздің азаматтардың мәдени дәстүрлерінің өзара кірігуі мен алдағы уақытта жақындасуына бағытталған іс-шаралар мен кездесулер ұйымдастыруды көздеп отыр.
- Еліміздің білім саясатын іске асыру шеңберінде қазақ жазуының латын әліпбиіне өтуінің әр түрлі аспектілеріне арналған ғылыми-танымал басылымдар әзірлеу, латын әліпбиіне өтудің кезеңдік жаңа ғылыми салмағы бар әдістерді дайындау қажет деп есептейміз.