Алмалы ауданында Елбасы мақаласы талқыланды

Қарашаның 13 күні Алматы технологиялық университетінде «Нұр Отан» партиясының фракция мүшелерінің университет студенттерімен кездесуі өтті. Кездесудің басты мақсаты – ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын талқылау және түсіндіру жұмысын жүргізу. Іс-шарада қалалық Мәслихат депутаты, «Нұр Отан» партиясы Алмалы аудандық филиалының Саяси Кеңес мүшесі, «Тұран» университетінің ректоры Рахман Алшанов және «Нұр Отан» партиясы Алмалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Найля Ордабаева қатысты. КездесудіАлматы технологиялық университетінің тәрбие ісі бойынша проректоры Қалтай Батхолдин ашып, арнайы шақырылған қонақтарға сөз берді.Өз баяндамасында Мәслихат депутаты Рахман Алшанұлы жаңғыру бағдарламасының негізгі бағыттарын талқылап, білім саласы қызметінің жаңғыруына заманауи жастардың тәрбиесі қаншалықты әсер ететіндігін атап өтті.