Алатау ауданындағы алқалы той
2017 ж. 13 желтоқсан
1487
0
Желтоқсан айының 13 жұлдызында «Алатау» дәстүрлі өнер театрында 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Алатау ауданы әкімінің салтанатты мерекесі өтті. Салтанатты шараға желтоқсан оқиғасына қатысушылар, еңбек ардагерлері, аудандағы мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, қоғам қайраткерлері, аудандық «Нұр Отан» партиясы, аудан тұрғындары қатысты.
Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркесрті күй орындап, Қ.Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының студенттерінің қатысумен сахналық көрініс қойылып тарихтан сыр шертілді. Қазақ этрадасының жарық жұлдыздары «Серілер» тобы, «Алаш ұлы» тобы көпшілікке әндерін тарту етсе, «Салтанат» би ансамблі биімен көпшілікті сүйсіндірді.
