Алматыда латын графикасына көшіру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

2017 жылы   26 қазан күні Мемлекет басшысы Нұр­сұл­тан Назарбаев  қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы Жарлығыққа қол қойды. Осыған орай  аталған Жарлықты жүзеге асыру бойынша ауданда көптеген іс шаралар  мен дөңгелек үстелдер өтуде. Соның бірі 17 қараша күні аудандағы  Орталық- Азия университетінің оқытушы құрамы мен студент жастармен талқыланды. Кездесу  «Нұр Отан» партиясы Бостандық ауданыдық филиалының мұрындық болуымен өтті. Дөңгелек үстел жұмысына партияның аудандық филиалының саяси кеңесі, ақпараттық-насихат топ мүшелері мен А. Байтұрсынов атындағы Тіл тану Институтының маманы, филология ғылымының кандидаты Құлманов Сарсен қатысты. Шараны аталған білім ордасының ректоры, философия ғылымының докторы, профессор Қасабеков Сайлау Аманжолұлы алғы сөзімен ашты. Кездесу барысында сөз алған А. Байтұрсынов атындағы Тіл тану Институтының маманы, филилигия ғылымының кандидаты Құлманов Сарсен қазақ алфавитінің латын әріпіне көшу маңыздылығы мен қажеттілігі туралы айтып, тыңдаушылармен қойылған сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ, ол қазіргі таңда жүзеге асып жатқан "Рухани жаңғыру" бағдарламасының өзектілігін де тілге тиек етті. Аталмыш бағдарламаның қоғамдғы өзектілігі туралы айтқан Құлманов, "Рухани жаңғыру - елдің жарқын болашағы" деп Елбасы мақаласына елеулі бағасын берді. Жиынды қорытындылай келе бас қосуға жиналғандардың барлығы  латын әліпбиіне көшу қажеттілігін қолдап, әліпбиді үйренуге бар күш жігерлерін салатындарын жеткізді.