«Себерміз кең далаға өлең дәнін» жыр мүшәйрасы өтті
2017 ж. 14 желтоқсан
2607
0
14 желтоқсан күні Тәуелсіздігіміздің 26 жылдығын мерекелеу қарсаңында Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын,«Ұлы дала қазынасы» «Нұр Отан» партиялық жобаны жүзеге аясында Бостандық ауданы Алматы құрылыс және халықтық кәсіпшілік колледж базасында «Себерміз кең далаға өлең дәнін» атты колледж студенттерінің арасында жас ақындар мүшайрасы өтті.
Шараны ұйымдастырушылар: «Нұр Отан» партяисының қолдауымен Алматы құрылыс және халықтық кәсіпшілік колледжі, Алматы теміржол көлігі колледжі және «Рухани-әдеп мектебі» клубы.
Шараның мақсаты ұрпақ санасына ұлтжандылық рухын сіңіріп, таным көкжиегін байыту. Еліне, жеріне, ата-анаға деген сүйіспеншілігін сөз өнері арқылы насихаттап, тұлғалық дамуына үлес қосу.
Жас студенттердің әдеби жырларына әділ баға берушлер құрамына филология ғылымының кандидаты М.Тынышбаев атындағы АКТК, доцент Ляйля Кұндақбай; «Ана тілі» газетінің тілшісі Дина Имамбай; «Ел шежіре» қоғамдық қор төрағасы Дәулет Әшімхан; ақын Ерғали Бақаш; «Айтуға оңай», «Қарекет», телебағдарламалардың редакторы филолог Сәкен Көкен; «Нұр Отан» партиясы Медеу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Мукашева; «Нұр Отан» партиясы Бостандық аудандық филиалының кеңесшісі Б. Әбділдә кірді.
Байқау қорытындысы бойынша:
Бас жүлде - Алматы қазақ-түрік гуманитарлық технологиялық колледж студенті Құсмамбетова Зибаш алды.
1 орын Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технология колледжінің студенті Нұрғанаов Бекнұр;
2 орынды Алматы Технология универистетінің техникалық- экономикалық колледжі студенті Алиасқаров Төре және Алматы темір жол көлігі колледжінің студенті Қанаш Әбілқайыр;
3- орынды «Әділет» колледжінің студенті Жайламыс Ақдариға, Алматы автомобиль жолдары колледжінің студенті Қаржау Лашын және Алматы мемлекеттік политехникалық колледж студенті Кенжетазин Алишер бөлісті.
Барлық жеңімпаздар мен байқауға қатысушылар ескеріліп, алғыс хат грамота және естелік сыйлықтармен марапатталды.