Рухани жаңғыру – жастардың болашаққа бастар жарқын жолы

2017 жылдың 8 қарашасы күні «Нұр Отан» партиясының Әуезов аудандық филиалының, Алматы заң колледжінің бастауыш партия ұйымы мен «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен, партияның «Жастар – Отанға!» жобасы аясында, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының Саяси кеңес Бюро мүшесі, «Игілік» журналының бас редакторы, ҚР Журналистер Одағының мүшесі Меруерт Әйтенованың қатысуымен, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы негізінде колледж оқушылары арасында «Еркін пікір» тақырыбында пікір алмасу өтті. Мақсаты – рухани жаңғыруды сипаттау, жастардың бойында ұлттық сананы ояту, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру. «Жас Отан» жастар қанатының белсенді мүшелері Елбасы ұсынған жаңа дәуірдегі ұлттың рухани жаңғыру жолының алты бағыты бойынша, атап айтқанда, «Бәсекелік қабілеттілік», «Прагматизм», «Ұлттық бірегейлікті сақтау», «Білімнің салтанат құруы», «Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы» және «Сананың ашықтығы» бағыттары бойынша баяндама жасады. Әсерлі өткен пікір алмасуда жастардың туған еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктері мейлінше арта түсті. Олар рухани жаңғырудың адам сана-сезімінің, сенімі мен сапасының, білімі мен өмір сүру тәсілінің көрсеткіші, жастардың болашаққа бастар жарқын жолы екендігін жақсы түсінді. Болашақты жаңғырту үшін бәсекеге қабілетті болумен бірге руханият пен мәдениет, экономикалық сауаттылық пен білім, сандық сана керектігін терең ұғынды.