Алматыда А. Розыбақиевтың 120 жылдығына орай шара өтті

2017 жылдың 10 қарашасы күні, Әуезов ауданының әкім аппараты мен «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының қолдауымен, партияның «Ұлы дала қазынасы» жобасы және Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында, А. Розыбакиев атындағы № 153 мектеп-гимназиясында қоғам қайраткері Абдолла Розыбақиевтің туғанына 120 жыл толуына орай, «дөңгелек үстел» өткізілді. Іс-шараның мақсаты – жас ұрпаққа А. Розыбақиевтың өмірі мен ерен еңбегі қазақ тарихының бастау бұлағы іспеттес ұлы тұлға екенін түсіндіру, жас ұрпақты рухани мол қазынасынан нәр алуға баулу, ұлттық тарихымызды ұлықтауға тәрбиелеу, бабалардан мирас болған ұлттық мәдени мұраларды, ұлт жауһарларын қадірлеуге үйрету. Аталмыш іс-шарағаӘуезов ауданы әкім аппаратының жауапты қызметкерлері, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының өкілдері, Коммунисттік партиясының бірінші хатшысы Әлібек Шакенов, А. Розыбақиевтің туған-туысқандары және тағы басқалар қатысты. Шараға қатысушыларды Алматы қалалық Мәслихат депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі, Әуезов аудандық «Нұр Отан» партиясының Саяси Кеңес мүшесі Шавкет Умаров қарсы алып, О. Жандосов, П. Виноградов, Т. Бокин, т. б. қоғам қайраткерлерімен бірге Жетісу өңірінде Кеңес өкіметін орнатуға белсене қатысқан, саяси қуғын-сүргін құрбаны, жалынды публицист Абдолла Ахметұлы Розыбақиевтің өмірі мен кейінгі ұрпаққа өшпес із қалдырған өнегелі істері жайында атап айтты. Мектеп оқушылары қоғам қайраткері Абдолла Розыбақиевке арнап жазған арнау өлеңдерін қонақтарға тарту етті. Содан кейін А. Розыбақиев атындағы мұражайға саяхат жасалды. Іс-шара соңында мектеп ауласындағы қоғам қайраткері, жалынды публицист А. Розыбақиевтің ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.