Алматыда жастар арасында КТК ойыны ұйымдастырылды

017 жылдың 17 қарашасы күні, Әуезов ауданы әкім аппаратының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Бекжан Қуанышевтың қатысуымен, Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бастар жол: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру аясында, Әуезов ауданының әкім аппараты мен Алматы экономика және статистика академиясының басшылығының ұйымдастыруымен, ҚР Тұңғыш Президенті күні мен еліміздің Тәуелсіздігі күніне орай, жоғарғы және арнайы орта оқу орындарының студенттері арасында көңілді тапқырлар сайысы (КВН) өткізілді. Аталған шараның мақсаты – жастарға тәуелсіздік тарихына деген құрметті тәрбиелеу, рухани мәдениетін арттыру, ауданның белсенді жастарының бос уақытын ұтымды және жақсы өткізуіне жағдай жасау. Қазіргі қоғамда студент жастарының пікірімен санаса отырып, жастардың озық ойы мен талпынысына және ізденісіне қолдау көрсету, қоғамдық жұмыстарға белсенділігін арттыру. Сонымен қатар, бұл ойын мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатымен, өзін-өзі көрсете алатын, нақты өмірлік жағдайларда өзінің міндеттерін шешу үшін, қазақ тілінде ауызша сөйлей алатын, әдеп нормасын сақтап, адамдармен қарым-қатынас жасай алатын жеке тұлға тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған. Көңілді тапқырлар сайысына Әуезов ауданында орналасқан 12 оқу орындарының топтары қатысты. Сайыс барысында, әр топ өзара «Сәлемдесу», «Сұрақ-жауап» пен «Үй тапсырмасы» сияқты үш кезең бойынша өздерінің білімділігін, белсенділігін, өнерпаздығын, тапқырлығы мен ой-өрісін көрсете білді. Ойын қорытындысы бойынша, Гран-приге Халықаралық бизнес және коммуникация колледжінің командасы ие болды, бірінші орынды Қазақ қатынас жолдары университетінің командасы иеленді. Екінші орынға Қазақ-қытай колледжінің командасы ие болса, үшінші орынды Алматы экономика және статистика академиясынгың командасы жеңіп алды. Көңілді тапқырлар сайысының жеңімпаздары әділ қазылар алқасы жан-жақты бағалап, саралау бойынша белгіленді. Жеңімпаз топтарына аудан әкімінің мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтары табысталды.