Аудан әкімі аппараты Елбасы мақаласын елге насихаттауда

2017 жылдың 17 қарашасы күні Әуезов ауданының әкім аппараты, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының және НарХоз Университетінің жанындағы Экономикалық колледжінің ұйымдастыруымен, «Ерке-Нұр» АҚ-нда ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» атты мақаласы талқыланды. Іс-шараның мақсаты – Елбасы мақаласының маңыздылығы мен ерекшелігін халық арасында кеңінен түсіндіру, қоғамдық пікір қалыптастыру, мемлекеттің саясатын іске асыру бойынша ауқымды жұмысқа жұмылдыру. Кездесу барысында «Нұр Отан» партиясы Әуезов аудандық филиалының ақпараттық-насихаттау тобының мүшесі Эльмира Бостан Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: мақаласы бағдар» атты мақаласы бойынша қысқаша мәлімдеді. Ол Елбасы мақаласы еліміздің болашағының айқын көрінісі, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы мақсаттарына жеткізетін нақты қадам болатындығын айтты. «Ерке-Нұр» АҚ тігін цехының шағын ұжымы өкілдері Елбасының сындарлы саясатын жүзеге асыруда, мемлекеттік бағдарламалар мен міндеттерді мүлтіксіз орындауда азаматтық белсенділік танытып, Егеменді еліміздің экономикасының өркендеуіне табысты үлес қосатындықтарын жеткізді.