Алматыда "Рухани жаңғыру" аясындағы қайырымдылық шарасы өтті

2017 жылдың 21 қарашасы күні, Әуезов ауданы әкім аппаратының қолдауымен, Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын және «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын жүзеге асыру аясында, «Алматы қаласы Әуезов аудандық мүгедектерді бейімдеу және оңалту орталығы» КММ-нде «Қайырымдылық жасау барлығымыздың қолымыздан келеді» тақырыбында мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараның басты мақсаты: қоғамда құндылық деп танылған адамның қадір-қасиеті туралы қызмет алушылардың идеяларын қалыптастыру. Іс-шараның міндеті: жақсылық пен зұлымдықтың моральдық мазмұнын ашу; бенефициарлардың мейірімділік пен оның әрбір адамның өміріндегі рөлі туралы білімдерін кеңейту; мейірімді болуды қалау; жағымды эмоционалдық көңіл-күй, қызмет алушылардың есте сақтауын, ойлауын дамыту; жақсылық жасауға ұмтылуды дамыту. Іс-шара барысында қызмет алушылар ән айтып, би билеп, ата-аналар мен Орталық қызметкерлеріне жақсы көңіл-күй сыйлады. Қызмет алушылар мейірімділік жайында сөз қозғап, өз ойларымен бөлісті. Мекеме директоры Лязат Закирбава қызмет алушылар мен қызметкерлерді мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Шара соңында қызмет алушылар келген қонақтарға гүл шоқтарын сыйлап, өз алғыстарын білдірді.