«Ұлы даланың ұлы перзенті» тақырыбында кездесу кеші өткізілді

2017 жылдың 8 желтоқсаны күні, «Нұр Отан» партиясының Әуезов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Омаровтың қатысуымен, ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жүзеге асыру аясында, Алматы сервистік қызмет көрсету колледжінде «Ұлы даланың ұлы перзенті!» тақырыбында кездесу кеші өткізілді. Аталмыш іс-шараға «Игілік» атты Республикалық журналының редакторы, «Нұр Отан» партиясы Әуезов аудандық филиалының Саяси кеңес Бюро мүшесі Меруерт Әйтенова, колледждің педагогикалық ұжымы мен оқушылары қатысты. Кездесуде кештің қадірлі қонағы, жарты ғасырлық ғұмырын мал өнімдерін өндіру технологиясы, әрі оның сапасын зерттеу және оны өңдеу жұмыстарына арнаған ғалым, профессор, бүгінгі таңда Қазақ мал шарушылығы және мал азығы өндірісі ғылыми-зерттеу Иститутының бөлім меңгерушісі, ҚР ауылшаруашылық ғылым академиясының академигі, Ресей ауылшаруашылығы ғылым академиясының Сібір бөлімінің құрметті докторы, ҚХР Суар мал шаруашылық академиясының құрметті профессоры, «Нұр Отан» партиясы Әуезов аудандық филиалының Саяси Кеңесінің мүшесі, соңғы санаулы жылдардың ішінде 300-ден астам ән, 200-ге жуық күй жазған, әндері мен күйлері елге танылған және Қазақ радиосының «Алтын қорына» енген, белгілі композитор Қыдырбай Аманжоловқа құрметпен сөз берілді. Ол өзінің өмір жолы, ғылыми еңбектері, сонымен бірге жүрегінде шымырлап, қанында қайнап барып, күндердің күнінде сыртқа ағыл-тегіл ақтарылған әндері мен күйлерінің шығу тарихы жайында, 1996 жылы «Өнер» баспасынан шыққан «Ән – аққу», 1997 жылы «Ән – самал» атты әндер жинағында жарық көруі жайында кеңінен сыр шертті. Бұдан әрі, Қыдырбай Аманжоловтың 1998 жылы жарық көрген «Ән – айна» кітабындағы 92 әнін нотаға түсіруге қомақты үлес қосқан, кәсіби музыкант, Халықаралық конкурстардың лауреаты Өтепберген Жүсіпұлы Қыдырбай ағаның әндері мен күйлерін нақышына келтіре орындап, өнер сүйер жастардың рухын көтеріп, серпілтіп тастады. Өнерлі жастар да Қыдырбай ағаның әндерін орындап, күйіне мың бұрала би билеп, кештің тартымды өтуіне атсалысты. Колледж директоры Ерұлан Қарагұлов жастардың еліміздің салт-дәстүріне, ұлттық болмысымызға, тұрмысымызға, келешекте елдің өсіп, дамуына, көңілі ояу, санасы биік, өте білімді де өнерлі жастарды тәрбиелеуде кездесу кешінің маңыздылығын жеткізіп, композитор Қыдырбай Аманжоловқа шығармашылық табыс тілеп, ризашылығын білдірді.