«Тұңғыш Президенттің балалықшағы» кітабының авторымен кездесу өтті

Похожее изображение 2017 жылдың 8 желтоқсаны күні, «Нұр Отан» партиясының Әуезов аудандық филиалының бастамасымен, Елбасының "Рухани жаңғыру" бағдарламасын насихаттау мақсатында Алматы «Білім – инновация» қыз балалар лицейінде журналист, жазушы, абайтанушы, дінтанушы, қоғам қайраткері, «Тұңғыш Президенттің балалық шағы» атты кітаптың авторы Б. Т. Сапаралымен кездесу өтті. Мақсаты – жас жеткіншектерге "Рухани жаңғыру" бағдарламасының артықшылықтарын түсіндіру, Елбасының өмір жолын дәріптеу, жас ұрпақтың Елбасына деген құрметін арттыру, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, кітап оқуға деген қызығушылықтарын ояту. Кездесу барысында Бейбіт Сапаралы «Тұңғыш Президенттің балалық шағы» кітабын Тәуелсіздіктің 20-жылдық мерейлі мерекесі қарсаңында кітап-альбом күйінде оқырман назарына ұсынғандығын жеткізді. Елбасы туралы жазу идеясы мен кітаптың жазылу тарихына тоқталды. Кітап жазғанға дейін Елбасының ауылына барып, сыныптастарымен, Президенттің өзімен кездескендігі жайында жастарға әсерлі баяндап берді. Кеш барысында лицей оқушыларының «Тұңғыш Президенттің балалық шағы» атты кітапты қызыға әрі жарыса оқып шыққандықтары байқалды. Олар кітаптан алған қызықты әсерлерімен бөлісе отырып, Елбасының балалық шағы мен жастық шағы, қайраткер болып қалыптасу жылдары және қол жеткізген жетістіктері, ҚР Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуындағы рөлі туралы айта келіп, Елбасына деген құрметін мақтаныш сезіммен жеткізді. Лицей директоры Ғалия Сегізбаева іс-шараның ұрпақ тәрбиелеудегі маңыздылығын жеткізіп, кездесу қонағы қоғам қайраткері Бейбіт Сапаралыға ризашылығын білдіріп, шығармашылық табыс тіледі. Кездесу мерекелік концерттік бағдарламаға ұласты.