Алматының Заң колледжінде шығармашылық кеш өтті

Похожее изображение 2017 жылдың 11 желтоқсаны күні, «Нұр Отан» партиясының Әуезов аудандық филиалы Төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Омаровтың қатысуымен, ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жүзеге асыру аясында, Алматы заң колледжінде ғалым, профессор, академик, белгілі композитор, мемлекеттік сыйлықтардың иегері Қыдырбай Аманжоловтың шығармашылығына арналған кездесу кеші өткізілді. Мақсаты – жас ұрпақтың ой-өрісін, дүниетанымын, қоғамдық көзқарасын, ғылымға деген ынтасын арттыру, жастардың өнерге деген сүйіспеншіліктерін ояту, ұлттық рухымызды жаңаша жаңғырту. Іс-шараға «Игілік» Республикалық журналының редакторы, «Нұр Отан» партиясы Әуезов аудандық филиалының Саяси кеңес Бюро мүшесі Меруерт Әйтенова, колледж ұжымы мен оқушылары қатысты. Кездесуде кештің қадірлі қонағы, бүгінгі таңда Қазақ мал шарушылығы және мал азығы өндірісі ғылыми-зерттеу Иститутының бөлім меңгерушісі, «Нұр Отан» партиясы Әуезов аудандық филиалының Саяси Кеңесінің мүшесі, соңғы санаулы жылдардың ішінде 300-ден астам ән, 200-ге жуық күй жазған, әндері мен күйлері елге танылған және Қазақ радиосының «Алтын қорына» енген белгілі композитор Қыдырбай Аманжоловқа құрметпен сөз берілді. Ол өзінің өмір жолы туралы әңгімелей келе, ғылымға қосқан үлесі, 370-тен астам ғылыми еңбектер жазып, 6 ғылым кандидатын дайындап, қорғатқандығы жайында әңгімелеп, тұла бойы лирикаға тұнып тұрған әндері мен күйлерінің шығу тарихына да терең тоқталды. Іс-шараға жиналған көпшілік «Құрманғазы» атындағы консерваторияны екі рет, бірінде вокалды, екінші рет домбыраны бітірген, екі бірдей музыка мамандығын игерген кәсіби музыкант, Халықаралық конкурстардың лауреаты Өтепберген Жүсіпұлының орындауындағы композитор Қыдырбай Аманжоловтың тәлім-тәрбие мен өнегеге толы әсерлі әндері мен сазды күйлерін ықылас қоя тыңдап, қуаттанды. Болашақ ұрпақ үшін рухани азық болған әсерлі кеш жастарға жаңа ғасырда адами руханиятты бірден бір сақтап, толық адам болып қалыптасу үшін, санамызды уақыт талабына сай өзгертіп, рухымызды жаңаша жаңғыртудың маңыздылығын ұғындырды.