
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламалық мақаласында «отаншылдық өз туған жеріне, ауылына, қаласына, аймағына деген сүйіспеншіліктен басталады» деп жазады. Елге деген сүйіспеншілік шағын отаннан бастау алады.
"Рухани жаңғыру" бағдарламасын насихаттау мақсатында Медеу аудандық Ардагерлер кеңесі туризм мен саяхатты сүйетіндерге «ШарАйна» клубын құрды. Арнайы экскурсия жетекшілерімен ардагер белсенділерге арнап бірнеше саяхаттар жасалды. Клуб жоспарында Абай атындағы ҚҰПУ Туризм кафедрасында «Қорғандар сөйлейді», «Қазақстанның рухани жерлері» тақырыбында сырттай саяхаттау мен лекциялар бар.
Медеу ауданы әкім аппаратының ұйымдастыруымен ауданның 30 ардагері ағымдағы жылдың 27 қарашасында Аналар және Жамбыл мұражайларына саяхаттап қайтты.
Аналар мұражайы – ТМД елдеріндегі алғашқы және жалғыз, мүмкін әлемде Англиядағы патшайымдар мұражайынан кейінгі мұражай. Содан соң саяхатшылар Жамбыл Жабаев атындағы мұражайға атбасын тіреді. Бұл мұражайларда қызықты саяхаттар жасалды.
Ардагерлер саяхаттан жақсы көңіл-күймен тарасты.