Алматыда «Ұлт тірегі - Елбасы» атты мерекелік іс-шарасы өтті
2017 ж. 29 қараша
1355
0
1 желтоқсан Тәуелсіз Қазақстан халқы үшін айырықша мереке. Бұл күн - әлем тарихында тәуелсіз Қазақ елінің іргетасын қалап, шекарасын шегендеп, болашаққа бағыт-бағдар сілтеген Елбасының халық алдындағы ұшан-теңіз еңбегіне көрсетілген құрмет ретінде белгіленген Тұңғыш Президент күні.
2017 жылдың 29 қарашасында "Рухани жаңғыру" бағдарламасының аясында Оқушылар сарайының үлкен концерт залында Медеу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай«Ұлт тірегі - Елбасы» атты мерекелік іс-шара өтті.
Іс-шара аясында Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қызметіне арналған қолөнер көрмесі ұйымдастырылып, іс-шара қатысушыларына қазақстандық эстрада жұлдыздары мен аудандық өнер ұжымдарының қатысуымен мерекелік концерт ұсынылды.
Мерекелік іс-шарада аудан әкімі Ержан Жылқыбаев еліміздің дамуына сүбелі үлес қосқан еңбек ардагерлері, этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері, білім, денсаулық сақтау, күш құрылымдарының қызметкерлері, аудандық ірі және орта өнеркәсіп кәсіпорындардың өкілдеріне мақтау қағаздарын тапсырды.