Өзіне қол жұмсамақ болған қыздың қалтасынан елбасыға жазылған хат табылды
2017 ж. 14 желтоқсан
4333
6
Соңғы үміт президентте. Өзіне қол жұмсамақшы болған бойжеткеннің қалтасынан елбасыға жазылған хат табылды. Оқушы қыз әкесінің жазықсыз түрмеге қамалғанын айтып, отбасының қиын жағдайын сипаттаған.
Ал анасы болса сотқа аппеляция беріп, істі жүргізген тергеушінің үстінен шағым түсірмекші. Сонымен, хатта не жазылған? Бойжеткеннің анасы бүгін біздің арнаға сұхбат беріп, бар шындықты жайып салды”, – деп хабарлайды Евразия бірінші арнасы.
“Менің отбасымда болған жағдай жүрегімді ауыртады. Менің әкем кінәлі емес. Ол бізді шыншыл адал болуға үйретті. Үйде бәріміз қиналып жүрміз”.
Оқушы қыздың жазған хаты осы. Тоғызыншы қабаттан секірер сәтте құрбылары тоқтатқан екен. Анасы Сәрсенгүл Беркіш жаға ұстатар оқиғаның мән жайын егжей-тегжелі айтып берді. Сөйтсе бір ноутбук үшін бас бостандығынан айырылған түрме бастығы Ержан Тілеулин оның жұбайы екен.
«Осы қыркүйек айының бесі күні осы қылмыстық жемқорлыққа қарсы қызметкерлер күйеуімді үйден шыққан бойда. Қасында кәмелет жасқа толмаған, 5 сыныпта оқитын баласы бар. Біреуі сабаққа, біреуі жұмысқа шыққан, баласының қасынан алып кеткен сол жерден» – жәбірленуші Сәрсенгүл Беркіш.
Мұны көрген баласы әбден шошынған. Тіпті күйзеліске түсіп, сабаққа бармай қойған екен. Десе де өмірін қиюға итермелеген ол емес екен. Жұбайы ұсталған соң үйлеріне тергеушілер келіп тінту жүргізген. Бірақ әрекеттері қарақшылардан кем болмады деп еске алады Сәрсенгүл.
«Без санкции прокурора үйге келіп тінту жүргізді. Тінту кезінде ешқандай артық зат тапқан жоқ. Тек менің 130 мың теңге ақшам болған. Ол кірмей тұрып айтты үйде не бар не жоқ деп. Сонда 130 мың теңгем бар дедім, соған қарамастан алып кетті. Оны әлі күнге дейін қайтарған жоқ. Мен көпбалалы анамын төртеуі де кәмелет жасқа толмаған» – жәбірленуші Сәрсенгүл Беркіш.
Сот 130 мың теңгені қайтару туралы шешім шығарған. Алайда ай сайынғы несие мен пәтер ақысына арналған ақша тергеушілердің сыйақысы боп кете барған. Үй-күйсіз қалған ана төрт баласын туыстарына таратып жіберген. Ал түрлі БАҚ өкілдері «парақор ұсталды» деп таратқан ақпараттарынан соң көрші-қолаңмен, таныс-тамырдың көз қарастары өзгере бастаған. Заңгер Айгүл Орынбектің сөзінше істің ақ-қарасын анықтамай, бір жақты ақпарат тарату белең алуда. Себебі құзырлы органдар өздерінің заңға қайшы әрекеттерін жасыру мақсатында, алдын ала мәлімдеме жасап, қоғамдық пікірді бірінші болып қалыптастарады.
«Қызы жаңағы бір тарапты журналистердің жұмысынан суицид жасамақшы болған. Бұлар өздерінің қылмысын жасыру үшін жалған ақпарат берген. Себебі бұл жерде іс қолдан жасалғаны көрініп тұр. Нағыз пара алып саудаласқан адам бостандыққа шығып кетіп отыр. Ал ешқандай пара алмаған адам жеті жылға кетіп қалып отыр. Сонда жұмысқа кіргеніне екі ай ғана болған» – заңгер Айгүл Орынбек.
Заңгердің айтуына қарағанда сот шешімі он жыл қамауда отырған қылмыскердің сөзіне негізделген. Іс бойынша түрме бастығы болған Ержан Тілеулин сотталған азаматтардың туыстарынан “пара бопсалады” деп айыпталған. Тілеулинмен қоса түзету мекемесінің үш қызметкері де ұсталып, барлығы да сотталған.