ЖАҢА АУДАННЫҢ ЖАРҚЫН КЕЛБЕТІ

Картинки по запросу сайран сайфеденов

Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында алып шаһардың Наурызбай ауданының әкімі Сайран Сәйфеденовтың аудан көлеміндегі әлеуметтік-экономикалық дамудың нәтижелері мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының іске асырылу барысы жайында БАҚ өкілдерімен кездесуі болып өтті.

Алдымен атап өтейік, Сайран Тәпенұлы жиналыстағы баяндамасын басынан аяғына дейін таза мемлекеттік тілде жүргізіп, қойылған сұрақтарға да мүдірмей қазақша еркін жауап берді. Біздегі кейбір әкімдер сияқты басын қазақша бастап қалған бөлігін орысшаға ауысып кетпеді. Тағы бір айтарлығы - алдынала дайындап әкелген қағаздағы есебіне шұқшиып жатпай-ақ, барлық жағдайды өз ойымен жеткізді. Бұл оның өзі басқарып отырған аудандағы жағдайды бес саусағындай біледі деген сөз. Осы тұрғыдаан алғанда өзге әкімдер мен басшылар Сайран Сәйфеденовтен үлгі алса болғандай.

Наурызбай ауданы – жаңа аудан, ашылғанына небары үш-ақ жыл болған. Соған қарамастан халқының саны бүгіннің өзінде 160 мыңға еркін жеткен. Облыс құрамынан қосылған 11 елді мекендер бүгіндер қала қалпына көшіп, инфроқұрылымдары ретке келтірілп жатыр. Атап айтқанда, «Алты Алаш» және «Қалқаман-1,2,3» ықшамаудандарында 203 шақырым жаңа су және кәріз құбырының құрылысы аяқталған. Сол сияқты бұрындар 21 шақырым арық жүйелері болса, 2014-2017 жылдарда оған қоса тағы да 26 шақырым жаңа жүйе салынды. Аудандағы 57,8 шақырым көше бойы жарықпен қамтамасыз етілді. Биылдың өзінде 23,3 шақырым жаяу жүргіншілерге арналған жолдар салынып пайдалануға берілді.

Тағы бір ерекше атап өтетін жайт, ол ауданда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жаңа демалыс орынының ашылғаны. «Алиби парк» атты бұл демалыс орны қазір көпшіліктің сүйікті орнына айналды. Мұндай оң өзгерістер медицина, білім беру, басқа да әлеуметтік салалар бойынша да орын алған. «Көш жүре келе түзеледі» дегендей, ұзақ жолын енді бастаған аудан халқы алдағы жарқын өмірге сенім артып отыр. Жаңадан ашылғанына қарамастан Наурызбай ауданы жаңа белестерді бағындырып, тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту жолында еңбек етуде. Міне, Наурызбай ауданындағы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының  жемісті жетістіктері осындай.

Зейнолла АБАЖАН,

qazaquni.kz