РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ ТІРЕГІ – ТІЛ

Бүгін Алматы қаласындағы Қ. Қатықбаева атындағы № 168 мектеп-гимназия қабырғасында Алматы қаласы әкімінің аппараты басшылығының қатысуымен «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ ТІРЕГІ – ТІЛ» атты байқаудың салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Еліміздің ұлы Тәуелсіздік Күні қарсаныңда Алматы қаласы әкімі Байбек Бауыржан Қыдырғалиұлының қолдауымен, «Көктем Group LTD» ЖШС директоры Мұрат Әділханұлының демеуімен 2017 жылғы желтоқсан айының 4-12 күндері аралығында Алматы қаласы мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері арасында Қасыл Қатықбаева атында « Рухани Жаңғырудың тірегі – тіл» байқауы өткізілді.

Байқаудың мақсаты мен міндеттері:

· Мемлекеттік тіл қолдау саясатын арттыруды насихаттау, қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдерінің қоғамдық мәртебесі мен беделін арттыру.

· Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін шыңдау, таланты педагогтарды анықтау, оларды қолдау және марапаттау;

· Мұғалімдердің шығармашылық мүмкіндіктерін ашу және өзін-өзі танытуына жағдай туғызу;

· Қазақ тілі пәні мамандығының беделін көтеру, олардың озық тәжірибелерін тарату болып табылады.

Байқауға барлық жалпы білім беру ұйымдарындағы қазақ тілінде оқытылатын қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері қатысып, қаламыздың 8 ауданынан озып шыққан 3 үміткерден, барлығы 24 үміткер өз құжаттарын үсыну мүмкіндігін алды.

Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Рахат Сейдахметовна Шимашеваның бұйрығымен әділ қазылар алқасы тағайындалды: төрағасы Жүнісова Майра Абибуллақызы – Абай атындағы ҚазҰПУ доценті, филология ғылымдарының кандидаты, Үздік оқытушысы – 2016 мемлекеттік грантының иегері.

Байқау 3 кезеннен өткізілді:

1-кезең – Оқу сауаттылығы «Сауаттылықтың шыңы - түсінік!» деген атаумен өтті. Кезеңңің мақсаты, қатысушылардың көсіби білім білік дағдылардың, педагогикалық психологиялық және пәндік, білім мазмұндарын аныңтау компьтер арқылы тест алу формасында өткізілді. Ең жоғарғы ұпай саны 40 сұраққа 40 ұпай белгіленді.

2-кезең– Эссе жазу «ЭССЕ – шығаршылық ойдың жемісі» деп аталды. Қатысушылар ұсынылған 4 тақырыптың біреуін таңдап алып ЭССЕ жазды. Тақырып бойынша ЭССЕ жазу уақыты 60 минутқа белгіленді. Ойы орамды, мазмұны лайықты деп таңылған ЭССЕге 50 ұпай берілді.

3 -кезең – Өзін-өзі таныстыру «Білім беру жүйесіндегі менің пәнім және мен!» Бұл кезеңде қатысушылар 3 минут уақытта, өз бейне роликтерін ұсына отырып, ары қарай өзінің білім жүейсіндегі, пәнді меңгерту жағашылықтарын таныстыруға мүмкіндік алды.