РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫ ҚОЛДАУҒА МІНДЕТТІМІЗ

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты жолдау мақаласында айтылған рухани жаңғыру мен заманауи ілгерілеудің жолын ұстап, саналы ұрпақ тәрбиелеп, қоғам жүгін қатар көтерісетін азаматтарды қалыптастырып, әлемдегі алдыңғы қатарлы елдердің сапында болу қай-қайсымыздың да көкейімізге қонары хақ! Елбасының «Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс», «Жаңғыру елдің ұлттық – рухани тамырынан нәр алуы керек» деген сөздерінің астарында ел мүддесін басты құндылық ретінде бағалау жатыр. Бұл жай ғана мақала емес, болашаққа бағдар берген тарихи құжат. Ендеше, Елбасының бұл мақалада айтылған құнды ойларын барлығымыз да қолдауға міндеттіміз! Ерлан Біләл