«Ақ жол» партиясының мәлімдемесі. Сот шешімі заңнан жоғары тұратын және жемқорлықты заңдастыруға мүмкіндік туғызады

           

       «Ақ жол» Демократиялық партиясы сот жүйесінде орын алып отырған заңнаманы іріктеп пайдалану фактілеріне байланысты өзінің наразылығын білдіреді. Тимур Құлыбаевқа байланысты ақпараттардың барлық бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратуға тыйым салған Алматы қаласы Медеу ауданының сот шешімі шын мәнінде елде заңнан жоғары тұратын топ қалыптастыру және жемқорлықты заңдастыруға мүмкіндік туғызады. Мухтар Аблязовтың таратқан құжаттары бүгінге дейін толық зерттеліп олар бойынша тексеріліс откізілген емес.

         Сонымен қатар біз заңнаманы басқаша қолданудын мысалын Мұхтар Жакишевке байланысты істен көріп отырмыз. Оған өзінің заңды, құқықтық қорғау мүмкіндігін тұғызбақ түгіл, оның өмірі қатер үстінде. Бұл келтірілген жағдайлар Қазақстан сот жүйесінің Конституцияда көрсетілген құқықтық мемлекет құру мақсатына сәйкес еместігін көрсетіп отыр. Баршаның заң алдында теңдігі және әділ сот жүйесі демократиялық қоғам мен нарықтық экономика құрудың айнымас шарты болып табылады.

             «Ак жол» партиясы баршаның зан алдында теңдігін камтамасыз ету керек деп есептейді. Біз Бас прокурорды Конституцияның бұлжымай орындалуын және заңнаманын іріктелмей пайдалануын камтамасыз етуге шақырамыз.

 

« Ақ жол» партиясының

төралқасы