Америкалық суретші көзәйнек линзаларынан Елбасының портретін жасады

Көзәйнек линзаларынан жасалған Елбасы портреті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған  ауылы - Шамалғанға жеткізіліп, «Атамекен» тарихи-мәдени орталығына қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кету керек, жаңа мәдени ошаққа ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры мен кітапханасы, ҚР Тұңғыш Президенті музейі, Президент Іс басқармасы, ҚР Ұлттық кітапханасы, Шамалған ауылының мектеп-музейі, Қарасай аудандық тарихи-өлкетану музейі және М. Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейі сыйға тартқан құжаттар, кітаптар, фотоматериалдар және басқа да экспонаттар жинақталған.

Көптеген экспонаттарды жергілікті тұрғындар әкеліп берген.

Жәдігерлер Н.Ә. Назарбаевтың өмірі мен қызметінің, Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдеріне сәйкес хронологиялық ретпен орналастырылған.

Музейдің ең ерекше экспонаты ретінде көзәйнектердің көптеген линзаларынан құралған Елбасының «Назарбаев - наследие миллионов» атты портретін айтуға болады.

Портретті америкалық суретші Дэвид Даттуна жасаған.

Айта кету керек,  жалпы ауданы 1200 шаршы метр болатын орталықты салуға жергілікті бизнесмен азаматтар атсалысқан.