Құлыбаевты мақтасам, сот рұқсат бере ме?..

d182d0b8d0bcd183d180-d0bad183d0bbd0b8d0b1d0b0d0b5d0b21        

           «Аузы қисық болса да, бай баласы сөйлесін!» Қазақтан өткен данышпан, айтқыш халық жоқ шығар, сірә... Алматы қалалық Медеу аудандық сотының Д.Махметованың төрағалық етуімен шығарған шешімін оқығанда осы мақал ойыма орала кетті. Бұл шешім бойынша Мұқтар Әбләзов айыптап отырған, кеше ғана Динара Нұрсұлтанқызы Құлыбаеваға Швейцариядан 74 -2миллион долларға керемет вилла алып берген миллиардер Тимур Құлыбаевтың атына кір келтіретін ақпараттар жазған бұқаралық ақпарат құралдары тұтқындалады. Бұл туралы «Ақ жол» партиясы да дер кезінде, дәл баға Берген мәлімдеме жариялап үлгергенін айтуға тиіспіз.

         «Біздерде мынадай бар, мынадай бар», деп Сұлтанмахмұт ақын айтқандай, біздерде соттың адамның туыстық, материалдық жағдайларына байланысты шешім шығарып бере беретінін, әділдік деген сөз жүзінде ғана екенін, арыз берген бір-ақ күнде дәлелдеп, ішкі істер органын да, сот органында аяғынан тік тұрғызған Тимур Құлыбаевты қалай мақтамайсың? Бірақ оның аты-жөнін газетке келтірсек, оны Алматы қаласы Медеу аудандық соты қалай түсініп қалады екен деп дал болып отырмыз? Бәлкім бұл туралы Жоғарғы сот бірнәрсе дейтін шығар...

 

 

Қазыбек Иса