4 желтоқсанда Айдың ерекше құбылысы байқалады
2017 ж. 02 желтоқсан
3862
7
4 желтоқсан күні түнде Айдың таңғажайып құбылысын көруге болады, деп хабарлайды inform.kz.
«Жылына бір рет Айдың ең үлкен және ең кіші дискісін көру мүмкіндігіне иеміз. Бұл толған Айдың перигей нүктесіне (серік орбитасының Жерге ең жақын нүктесі) жеткен кезіне тура келгенде болатын құбылыс. Ал, керісінше, Айдың ең кіші дискісін толған Ай өз орбитасының апегой нүктесіне жеткен кезіне сәйкес келгенде көреміз», - делінген хабарламада.
Желтоқсандағы Айдың толуы 3 желтоқсан күні Астана уақытымен 21:49-да шегіне жетеді. Ал 4 желтоқсан күні 11:43-те Ай Жерге 2017 жылдағы ең жақын нүктесіне таяп келеді, яғни Айдың перигейі 357 495 километрге шейін қысқарады. Жердің табиғи серігі бұл кезде апогей нүктесіндегіге қарағанда 14% үлкен, 30% жарық болып көрінеді. Егер аспан ашық болса, оңтүстік көкжиектің үстіндегі «супер» Айды түні бойы көруге болады.