Алматыда мультимедиялық мұражай ашылды

Алматыда мультимедиялық мұражай ашылды

Алматыда "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында «Нұр Отан» партиясының мультимедиялық мұражайы ашылды.

ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалында «Нұр Отан» партиясының алғашқы мультмедиялық мұражайын ашылды.

Мұражайдан «Нұр Отан» партиясының құрылуы мен қалыптасу тарихын, партияның маңызды құжаттарын, сонымен қатар партия төрағасына тиесілі профессор мантиясын, кітаптарды, партия билеттерін және басқа да заттарды көруге болады.

Айта кетейік, көрменің ерекшелігі, интерактивті панельдің (multi-touch-screen) дәстүрлі мұражай сөрелерін алмастырғанында. LED-экраннан 10 гигабайтты ақпаратты цифрлы экспозиция түрінде көруге болады.

«Мұражайды ашудағы басты мақсат тарихи әрі мәдени, қоғамдық- саяси ақпаратты жинақталған тарихи  құжаттар негізінде зерттеу және насихаттау», - дейді ұйымдастырушылар.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен біз Тәуелсіздікті, еліміздің әлеуметтік- экономикалық даму жетістіктерін, Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін байланыстырамыз. Біз партия көшбасшысы Н. Назарбаевқа тірек болуға және Қазақстанның игілі жолында бірге жұмыс істеуге тиіспіз!», - деді жаңа партия мүшелеріне Алматы әкімі Бауыржан Байбек.

Қала әкімі Алматы қаласының тәуелсіздік жылдары қолжеткен жетістіктерінің бәрі Мемлекет басшысының есімімен тікелей байланысты екенін айтты.

Салтанатты шарада «Тамаша» театрының көркемдік жетекшісі Асылбек Боранбай, радиожүргізуші Диана Снегина, №140 мектеп-гимназияның мұғалімі, жыл мұғалімі Гүлбану Әбжанова, репродуктивті медицина Институты бас дәрігерінің орынбасары Лазат Айтқожина,«ABM GROUP» ЖШС басқармасының төрағасы Азамат Молдақасымов, GoSport негізін қалаушы, «Khan Consulting»ЖШС-тің бас директоры Әнуар Манабаев және «Традиции народа Семиречья» қоғамдық бірлестігінің президенті  Семен Шихотовқа партия билеттері табыс етілді.

Айта кетейік, «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалында 90 мың адамды біріктіріп отырған 750 бастауыш партия ұйымы бар.