Алматының Медеу ауданында "Рухани жаңғыру" аясында 150-ден астам шара өтті

Медеу ауданында Рухани жаңғыру аясында биыл 150 іс-шара өткен

Бұл туралы Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі Ержан Жұматұлы брифинг барысында хабарлады.

Аудан басшысы айтуынша, аудандағы жекелеген мектептердің ғимараттары ескіруіне байланысты күрделі жөндеуді талап етеді.

Соған байланысты, биылғы жылы № 4, 19, 53, 77 мектептердің ғимараттарына мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жалпы сомасы 1,5 млрд. теңге сомаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Соның ішінде, № 53 мектептегі құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып қайта қолданысқа берілді, ал № 4,19,77 мектептердегі құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың қараша айына дейін соңына дейін аяқталады.

Сонымен қоса, қалалық бюджет есебінен жалпы сомасы 72 815 000 теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, барлық мектептердің кіреберістеріне 17 600 000 теңгеге мүмкіншілігі шектеулі азаматтарға арналған арнайы құрылғылар орнатылды.

Білім беру саласындағы өзекті мәселердің бірі орын жетіспеушілік мәселесі.

Бүгінгі таңда жалпы аудан мектептеріндегі орын жетіспеушлілік 8 222 адамды құрап отыр. Бұл мәселе негізінен аудан орталығындағы № 12, 56, 35, 159, 131, 4, сондай-ақ Думан ықшам ауданындағы № 172 мектептерде байқалады. Бұл мәселенің туындауына алып келген себептердің бірі ол аудан тұрғындарының табиғи өсуі болса, ал екінші бір себебі қаланың өзге аудандары балаларының Медеу ауданының орталығында орналасқан білім сапасы жоғары мектептерінде оқуға талпыну болып табылады.

Әкімдік тарапынан орын жетіспеушілік мәселесін шешу бағытында нақты шаралар жүзеге асырылуда - деп хабарлады Медеу ауданының әкімі Е. Жылқыбаев.

Сондай-ақ, аудан әкімі Ержан Жылқыбаевтың айтуынша, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бір ғана Медеу ауданында жалпы 150-ден астам шара өтіп, оларға 25 мыңға жуық адам қатысқан. Атап айтқанда,  «көше күндері» мерекесі аясында биыл «Достық», «Төле би» көшелерінің күнін кең көлемде мерекеленіпті.

Аталған мерекенің мақсаты - айтулы тұлғалардың өмір жолын, қала және аудан тарихын жастар арасында кеңінен насихаттау, тұрғындар арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайту болып табылады.